БҚО-да орманда от жаққаны үшін туристерге айыппұл салынады

Ормандарда өрт қауіпі кезеңі басталады, ТЖ қызметкерлерінің болжамы бойынша ол өте шиеленісті болмақ. Сондықтан облыстың құтқарушылар гарнизоны күшейтілген қызмет режиміне көшіп, орман алқабы ерекше бақылауға алынады.

Иллюстрациялық фото

Құтқарушылар шолуға ат батальонын тарта отырып, орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі инспекциясының қызметкерлерімен бірге жүргізеді. Алауды дұрыс емес жерде жағуға және табиғи өрттердің туындауына жол бермеу үшін, орман алқабы бақыланады.

– Орманда от жаққаны үшін айыппұл сомасы 25 мың теңгеден 127 мың теңгеге дейін.

Қазіргі уақытта орман шаруашылығы ұйымдарының дайындығын тексеру жүргізілуде. Жеке құрамның жауынгерлік дайындығы, өрт қаруымен және техникамен қамтамасыз етілуі. Бұдан басқа, санитарлық тазалау, өртке қарсы жыралар, өртке қарсы қорғаныс жолақтары, орман қоры аумағындағы жыралар бойынша ормандарға тексеру жүргізілуде, – деп хабарлады ТЖД баспасөз қызметі.

БҚО ТЖД азаматтық қорғау саласындағы бақылау және апаттар тәуекелін төмендету басқармасының бастығы Ерлан Төрегелдиевтің айтуынша, орманда демалу кезінде айыппұл мен жағымсыз сәттерді болдырмау үшін есте сақтау және қолдану қиын емес кейбір ережелерді білу қажет.

Орманға жақын жерде қоқыстарды жағу тек арнайы бөлінген учаскелерде ғана мына шарттар сақталған жағдайда жүргізіледі:

1) жағуға арналған орындар (қазаншұңқырлар немесе алаңдар) қылқан жапырақты орман қабырғасынан немесе жеке өсіп келе жатқан қылқан жапырақты ағаштар мен жас шыбықтардан кемінде елу метр, жапырақты орман қабырғасынан және жеке өсіп келе жатқан жапырақты ағаштардан кемінде жиырма бес метр қашықтықта бөлінеді.;

2) қоқыстарды жағуға арналған орындардың айналасындағы аумақ құрғақ ағаштардан, кесінді қалдықтарынан, басқа да тез тұтанатын материалдардан жиырма метр радиуста тазартылады және ені төрт метрден кем емес минералдандырылған жолақпен көмкеріледі, ал құрғақ топырақтағы қылқан жапырақты орманға жақын учаскелерде – бес метрден кем емес;

3) өрт қаупі бар маусымда қоқысты жағу тек I — II классты өрт қауіптілігінде желсіз немесе жаңбырлы ауа райында арнайы бөлінген адамдардың бақылауымен жүргізіледі. Құрғақшылық кезеңдерде қоқыстарды жағу жүргізілмейді.

От жағу, қалдықтар мен ыдыстарды жағу ғимараттар мен құрылыстардан кемінде 50 м қашықтықта жүзеге асырылуы тиіс.

Айта кету керек, өткен жылы облыс бойынша 7 орман өрті тіркелген.

Оның ішінде Орал қаласында-2 өрт, Бәйтерек ауданында – 4, Теректі ауданында-1. Дала өрттері де болды, Қаратөбе ауданы– 1, Бәйтеректе – 2, Шыңғырлау ауданы– 1. Сол кезеңде ҚР ӘҚБтК 367-бабы бойынша 36 адамға жалпы сомасы 486 мың 975 теңгеге айыппұл салынды, – деп хабарлады ТЖД баспасөз қызметі.

Мария Драчева

x
2019-08-22
Утром23.05 ℃
Днем23.05 ℃
Вечером23.05 ℃
Ночью20.76 ℃
Влажность52 %
ДавлениеhPa 1019.09
Скорость ветра3.39 м/с
2019-08-23
Утром16.63 ℃
Днем27.83 ℃
Вечером27.35 ℃
Ночью21.53 ℃
Влажность30 %
ДавлениеhPa 1018.61
Скорость ветра3.38 м/с