Оралда азаматтық белсендіні шартты түрде мерзімінен бұрын босатты

Облыстық соттың апелляциялық сатысы оның мерзімінен бұрын шартты түрде босату туралы өтінішін қанағаттандырды.

59 жасар Бақиза ХАЛЕЛОВАҒА 2018 жылдың қазан айында судья Қайрат Өтешев бір жылға бас бостандығын шектеу және әлеуметтік желілерді пайдалануды шектеу туралы үкім шығарды.

Осы жылдың мамыр айында қаланың орталық алаңында өткен митингіге қатысқан әйел адамды қылмыстық жауапкершілікке тартты. Полиция оның кінәсін пәтерінен тінту барысында табылған үш қазақстандық жалау мен көк әуе шарымен дәлелдеп берді.

2018 жылдың 10 мамырында Бакиза Халелова және қаланың бірнеше тұрғыны Абай алаңына келіп, елдегі әділетсіздік туралы айтты. Бірнеше қатысушыларды полиция ұстап, одан кейін әкімшілік сотпен соттады.

— Енді маған полицияға барудың қажеті жоқ, – деп жауап берді Бакиза, шартты түрде мерзімінен бұрын босату өміріңізде не өзгертеді,- деген сұраққа. — Мен мұны әр он күн сайын жасап тұрдым!-деп жауап берді.

«Мені осы жеті ай бойы моральдық жағынан өшіргендей», — дейді Бакиза үкімді өтеу шарттары туралы.

– Полицейлер маған үйге жиі келіп, бейнебақылау жүйесі бойынша мені бақылап отырды. Учаскелік полиция маған былай дейді — Иә, камералар арқылы сізді қараймыз. Мен осы уақыт бойы туған қаламда емес, өз елімде өмір сүрмегендеймін…

Бакиза банктер оның төлем карталарын ашады деп үміттенеді. «Мен тіпті коммуналдық қызметтер үшін банк арқылы төлей алмадым. Несиені де өтей алмаймын — онда айына мың теңгеден өсім өсіп жатыр, менің сомам жүйеде  тұрғанмен, бірақ олар менің шотыма әсер етпейді», — деп шағымданады әйел.

— Мен саясаткер емеспін, мен қарапайым адаммын, бар кінәм — маған елде ұнамайды деп дауыстап айтқаным, — Бакиза Халелова мен ешқандай «экстремист» емеспін, менің құқығымды полиция, прокуратура, сот бәрі бұзды деген нық сенімде.

Дариға САРМАНОВА

x
2019-08-23
Утром23 ℃
Днем23 ℃
Вечером23 ℃
Ночью20.85 ℃
Влажность49 %
ДавлениеhPa 1019.83
Скорость ветра4.37 м/с
2019-08-24
Утром19.11 ℃
Днем29.17 ℃
Вечером25.72 ℃
Ночью19.04 ℃
Влажность38 %
ДавлениеhPa 1018.6
Скорость ветра5.67 м/с