Трекин мектебінің оқушылары дәретке сыртқа шығуға мәжбүр

Мектеп жылы дәретханалармен жабдықталмаған. Оқушылардың ата-аналары сырттағы дәретханалар олардың денсаулығына нашар әсер етуі мүмкін деп алаңдайды.

Евгения Карпова, Трекино ауылының тұрғыны.

-Қазіргі уақытта мектепте балаларға арналған дәретхана жоқ. Қыс мезгілінде бұл өте қиын. Біздің мәселемізге назар аударуыңызды өтінеміз, – деп жазды ауыл тұрғыны Евгения Карпова облыс әкімі Instagram-да.

Оның айтуынша, бұл әсіресе қысқы кезеңде балалардың денсаулығына кері әсерін тигізеді.

-Мен өз балаларымды ауыл мектебіне бергім келді. Бірақ балаларды оқыту жағдайларына қарап, қалалық мектеп жақсы деп қорытынды жасадым. Сыртағы дәретханаға бару үшін балаға 10 минут кетеді, киініп-шешінуі, мұқтаждығын өтеп келіп, сырт киімін ауыстыруы. Ал бұл сабақтың уақытын алады, – деді ол «ОА»тілшілеріне.

Ауыл тұрғынының айтуынша, ескі мектеппен салыстырғанда, жаңа көрші мектептің дәретханалары нормаларға сәйкес келеді және оқу орнының ішінде орналасқан.

Біз осы мәселе бойынша ескі мектеп директоры, Райса Мамешоваға бардық. Ол ғимараттың өзі бастапқыда мектепке жабдықталмағанын айтады.

– Мұнда бұрын совхоз кеңсесі болған. Орыс мектебі жанып кеткен кезде оны осы ғимаратқа ауыстыруға тура келді. Қазір мектептің барлық бөлмелері сыныптар үшін бейімделген және қайта жабдықтау орындары дәретханалар үшін ғана емес, асханалар үшін де жоқ, – деді Райса Мамешова.

Бәйтерек ауданының әкімі бұл мәселені шешудің ең жақсы жолы жаңа мектеп салу дейді.

-Біз жаңа мектеп салуды жоспарлап отырмыз. Қазір жоба әзірленуде, — деді Бәйтерек ауданының әкімі Асхат Шахаров.

Трекин ауылдық округі әкімінің орынбасары Сәбит Сатқановтың айтуынша, жаңа мектеп салынғанша, мектепке қосымша құрылыс жасайды.

-Бұл қосымша құрылыста ер балалар мен қыздарға арналған дәретханалар, сондай-ақ қолжуғыштар болады. Жыл соңына дейін бұл жоспарды жүзеге асыруға тырысамыз, – деді Трекин ауылдық округі әкімінің орынбасары.

Маргарита Зябчук

Фото және бейне: Нұрлыбек Емранов

x
2019-08-23
Утром23 ℃
Днем23 ℃
Вечером23 ℃
Ночью20.85 ℃
Влажность49 %
ДавлениеhPa 1019.83
Скорость ветра4.37 м/с
2019-08-24
Утром19.11 ℃
Днем29.17 ℃
Вечером25.72 ℃
Ночью19.04 ℃
Влажность38 %
ДавлениеhPa 1018.6
Скорость ветра5.67 м/с