«Мүмкін, ол енді тойларға шықпайтын болар» — Ержан Максимнің әкесі

Бірінші арнададағы «Балалар.Дауыс» музыкалық жобасының көрермендер көзайымына айналған 11 жасар Оралдық оқушы, бүгін анасымен бірге мәдениет министрлігінің шақыруы бойынша Астанада жүр. Жақында ол шарашаса да, риза кейіпте үйіне оралады.

«Дауыс»финалисттерінің даулы дауысына қарамастан екінші орын алған Ержан, өз талантын кеңінен мойындатты. Енді ол өзінің № 34 ОМ сабақтарына оралады, 6-шы сынып оқушысы «Дауыс»жобасына қатысам деп жіберіп алғандарын қуып жетеді.

Оның әкесі Ербол, Ержан енді тойларға шықпайтын болар деп ойлайды. «Мүмкін», – деп қосып қойды ол. Баланың отбасы үшін оның өнері демеу болды. Ербол-таксист, оның жұбайы-үй шаруасындағы әйел, ол ұлының әншілік талантын дамытумен айналысады. Отбасында тағы екі қыз бар, олар Ержаннан үлкен сондықтан да оны  байқауларда қолдауда.

– Ержан алты жастан бастап тойларда ән айтады, — дейді Ербол. – Ол барлық жерде ән айтады, күні бойы ән айтудан шаршамайды. Қасымда көлігімде отырып ән айтқан кезде, денем түршігіп кетеді…Дауысы қатты ашылып кеткен кезде, мен оған бірден: «Ержан, тоқта!»деймін. Мен дауысын жоғалтып алама деп қорқамын.

«Дауыс» жобасына қатысу үшін Ержан ақшаны тойларда жүріп тапты дейді Ербол. Және отбасына да ақша керек. «Костюмдер қажет болды,  Мәскеуде бір күн емес, біршама күнге тұруына көп ақша кетті. Облыс әкімі Алтай Көлгіновке көмек сұрап бардық, демеуші табуға көмектесті», – дейді баланың әкесі.

– Неге тойларға шықпағаны жақсы… Өйткені, енді оның айналасына көп адамдар жиналып, бәрі онымен суретке түскісі келеді. Оған қажет емес, ол үшін қиын, – деп түсіндіреді баланың әкесі.

Ержан пен оның анасының Алла Пугачевамен кездесуі туралы Ербол біледі.

— Олар сол күні Мәскеуден кетулері керек еді, олардың қолында билеттері де болды, — дейді ол. – Бірақ оларға қоңырау шалып, онымен үлкен әртіс кездескісі келетінін айтқан. Кім екенін айтпай, үлкен тосын сый жасаған. Пугачева ұлымызға: «Ержан, Сен әлемдік әртіс боласың» депті.

Оралдық оқушының жұлдызды сағаты туралы толық материалды «Орал апталығы» газетінде оқыңыз.

Дариға САРМАНОВА

x
2019-07-22
Утром29 ℃
Днем29 ℃
Вечером26.75 ℃
Ночью17.86 ℃
Влажность44 %
ДавлениеhPa 1013.23
Скорость ветра5.43 м/с
2019-07-23
Утром17.34 ℃
Днем24.88 ℃
Вечером24.15 ℃
Ночью18.2 ℃
Влажность42 %
ДавлениеhPa 1013.44
Скорость ветра4.63 м/с