Оралдағы үйлердің бірінде балкон тұрғындармен бірге құлап кетті

Орал қаласының орталығында көп пәтерлі үйде адамдармен бірге балкон құлап кетті.

Гагарин көшесі 46 үйдің балконына темекі шегуге шыққан екі ер адаммен, төтенше жағдай шамамен түн ортасында болды. Бірақ, тіпті темекі шегіп үлгермей, үй тұрғындары балконның бетонды еденімен бірге төмен қарай құлаған. Зардап шеккендер аз ғана жарақат алғандықтан, ауруханаға жатқызу қажет болған жоқ.

– Мен балконның құлауы кезінде жуынып жатқанмын, қатты дыбыстан бүкіл үй шайқалғандай болды. Мен сыртқа шыққанда, адамдарды, шашылған сынықтарды көрдім. Біз 4 баламмен тұрамыз, енді бізге мүлдем қорқынышты,оқ-дәрі салынған жарылатын бөшкеде тұрып жатқандаймыз .Ұйықтап жатып, қайда оянарың белгісіз, – деп уайымдайды 11 пәтер тұрғыны Наталья Ушакова.

Орал қалалық соты ТКШ жаңғырту бағдарламасы бойынша жөнделген үй тұрғындарының талабын қанағаттандырудан бас тартты

— Балкондар қазір апатты жағдайда тұр – егер төменнен қарайтын болсақ, бетондары үгіліп жатыр, балкон плиткасын қабырғаға бекітпеген, балкон бұрышты темірлерде жатыр, – дейді үй тұрғыны Александр Цветков.

Оның айтуынша, үй апатты жағдайда және жақын арада балкон ғана емес, үйдің өзі құлап кетуі мүмкін:

— Біздің пәтерде үйдің шет жағында жарық бар. Бір жылдары мен әкімдікке жүгіндім, олар суретке түсірді, мен сол үшін тұсқағазды алып тастадым. Қазір мен онда жөндеу жасап қойғандықтан, жарық бітеліп тұр. Бірақ қалай жарылып бара жатқанын көшеден көруге болады. Бұл жарықтан жолдың шуы тікелей ішке естіледі, – дейді Александр Цветков.

– Үй құрылысынан күрделі жөндеу 1961 жылдан болған жоқ. Тек қасбет пен шатырды, бір кездері 10 жыл бұрын косметикалық жөндеу жасады, болды. Ал балкондардың бәрі үгітіліп жатыр, тікелей кесектері құлайды, – дейді тұрғындардың бірі.

Енді үй тұрғындары ғимараттың сақталуына және өзінің қауіпсіздігіне ерекше алаңдайды – себебі құлаған балкон үйдің біртіндеп құлауының тікелей дәлелі болып табылады.

«Бізді 5 миллионға алдап кетті!»- Оралда жаңғыртылған үйдің тұрғындары

– Әрине, мен қазір тағы да бір нәрсе құлайма деп қауіптенемін. Менің ұлым балконға шықпауды айтады, бірақ онда киімдерді алып керек, ілу керек, онда көршілермен сөйлесу керек.Енді керегіңше шыға алмайсың. Міне, осылай демалып жатқанда, бірдеңе міндетті түрде құлап кетеді, ескі ғой бәрі -дейді 12 пәтердің тұрғыны Раиса Пономарева.

– Жақында жылу батареясы құлап кетті – біз 13 мың беріп, оны кері қойып, сымға байладық, – деп шағымданды Наталья Ушакова. –Балалар күйіп қалмағанына шүкір. Екінші батарея ойнап тұр, ол құлап қалмауы үшін үстелмен тіреп қойдық, балалар үшін қорқынышты.

– Біз БҚО ТЖ департаментінен адамдарды шақырдық, олар бәрін жазып алды, мен оларға қабырғадағы жарықты көрсеттім, олар үнсіз кетіп қалды, — дейді Александр Цветков.

Алексей Воробьев, Фото Ерсін Мерханов


x
2019-10-22
Утром11 ℃
Днем11 ℃
Вечером11 ℃
Ночью10.18 ℃
Влажность69 %
ДавлениеhPa 1023
Скорость ветра2.93 м/с
2019-10-23
Утром8.15 ℃
Днем14.24 ℃
Вечером11.12 ℃
Ночью10.37 ℃
Влажность64 %
ДавлениеhPa 1021
Скорость ветра2.5 м/с