БҚО-да ауыл қасынан артиллериялық снаряд табылды

Оны Теректі ауданының, Новопавловка ауылынан алыс емес жерден тапқан.

Ашық көздерден алынған иллюстрациялық фото

– 29 сәуір күні Теректі ауданының кезекші бөліміне Новопавловка ауылының бақташысынан даладан снарядқа ұқсас затты тапқаны туралы хабар келіп түсті. Оқиға орнына келген полиция қызметкерлері бұл артиллериялық снарядтың бас жарғышынсыз фрагменті екенін анықтады. Снарядтың ұзындығы 250 мм, ал диаметрі 70 мм. Арнайы іс-шаралар барысында заттың азаматтық соғыс кезіндегі снаряд болып табылатыны анықталды.

29 сәуірде сағат 14-00-де Новопавловка ауылынан 2 шақырым жерде снаряд барлық қауіпсіздік шараларын сақтай отырып, жару жолымен жойылды.Жұмысты БҚО ІІД арнайы бөлімшелерінің қызметкерлері — оқу-жаттығу взводының саперлері жүргізді. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ,- деп хабарлайды БҚО ІІД баспасөз қызметі.

Мария Драчева

x
2019-09-18
Утром22 ℃
Днем22 ℃
Вечером17.72 ℃
Ночью16.1 ℃
Влажность32 %
ДавлениеhPa 1004.96
Скорость ветра6.26 м/с
2019-09-19
Утром9.5 ℃
Днем11.45 ℃
Вечером12.05 ℃
Ночью9.45 ℃
Влажность59 %
ДавлениеhPa 1005.89
Скорость ветра10.84 м/с