Сот зейнеткерді өлтірді деп айыпталған Орал тұрғынын ақтады

Қылмыстық істер жөніндегі алқа 38 жастағы Виталий Федоровтан қарт әйелді өлтірген айыптауды алып тастады. Бірақ полиция қызметкеріне қатысты зорлық-зомбылық қолданғаны үшін айыптауды күшінде қалдырды.

Виталий Федоров сот отырысы кезінде 11 Ақпан 2019 жыл

Өткен жылдың 16 қыркүйегінде Виталий Федоровты 72 жасар зейнеткер Тамара Глобаны қатты соққыға жықты деген күдікпен құрықтады. Әйел ауруханада алған жарақатынан қайтыс болды.

Федоров кінәсін мойындамады және тергеу кезінде азаптауға шағымданды. Бірінші сатыдағы сот үкімімен оны 9 жылға бас бостандығынан айыру ҚР ҚК 106-бабы «Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру,соңы кісі өліміне әкеп соғу». Сонымен қатар, Федоров «Өмірге немесе денсаулыққа қауіпті емес күш қолдану немесе билік өкіліне қатысты күш қолдану қатері» бабы бойынша да сотталды.

23 сәуірде сот алқасы ҚР ҚК «Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру,соңы кісі өліміне әкеп соғу» 106-бабы 3-бөлігі бойынша бірінші сатыдағы соттың айыптау үкімінің күшін жойды. Алайда, билік өкіліне қатысты зорлық-зомбылық жасағаны үшін айыптауды алқа өзгеріссіз қалдырды. Федоров соңғы бап бойынша екі жылға бас бостандығынан айырылды және оны ұстаған сәттен бастады— 16 қыркүйек 2018 жыл.

Сонымен қатар, айыпталушыдан мемлекет кірісіне 708 336 теңге көлемінде өндіріп алу күші жойылды.

Алқа қылмыс жасаған басқа адамдарды анықтау үшін облыс прокурорына қылмыстық іс жолдады.

– Біз үкімге шағымданбаймыз. Ол сонда 8 ай отыр және өзін жақсы көрсеткені үшін оны босататынын айтты. Виталиді тергеу кезінде ұрып-соққан тергеуші Эльдар Дәулетовке шара қолданады, — деді Альфия ХИСАМИНОВА, сотталушының қоғамдық қорғаушысы.

Естеріңізге сала кетейік, бұл БҚО-дағы екінші ақтау үкімі. 2018 жылдың қаңтар айында сот жасөспірім Даниил Романовты ақтады. Сол кезде сот тергеушілер айыпталушыға азаптаулар қолданғанын анықтады. Сот тергеушілер мен прокурорлардың атына жеке ұйғарым шығарды. Соңғылары қылмыстық істегі азаптаулардың дәлелдерін көрмегені үшін жазаланды. Сондай-ақ сот полицияға Даниил Романовқа 500 мың теңге көлемінде өтемақы төлеуді міндеттеді.

Сондай-ақ тақырып бойынша:

Оралда сотталушы тергеу кезінде азаптауларға шағымданды

Бұрын азаптауға шағымданған Орал тұрғынын 9 жылға бас бостандығынан айыруы мүмкін

Орал тұрғынын зейнеткерді соққыға жыққаны үшін тоғыз жылға соттады (БЕЙНЕ)

Маргарита ЗЯБЧУК

x
2019-09-18
Утром19 ℃
Днем19 ℃
Вечером19 ℃
Ночью19 ℃
Влажность86 %
ДавлениеhPa 997.15
Скорость ветра10.39 м/с
2019-09-19
Утром12.22 ℃
Днем13.14 ℃
Вечером12.35 ℃
Ночью10.05 ℃
Влажность56 %
ДавлениеhPa 1006.09
Скорость ветра10.84 м/с