Орал тұрғындарынан қоқыс үшін төлем жасаған кезде отбасы құрамы туралы анықтама беруді сұрайды

Соңғы уақытта редакцияға қала тұрғындарынан «Орал Таза Сервис» ЖШС-нің түбіртектеріне шағымдар келіп түсуде. Тұрғындар өз пәтерінде бір адам тіркелсе де үш адамға төлем келетінін айтады. ХҚКО және «Орал Таза Сервис» басшылығы не болып жатқанын және бұл жағдайды қалай түзетуге болатынын түсіндірді.

Иллюстрациялық фото.

— Осы жағдайға дейін біз базамен жұмыс істемедік, қазір оны жаңартып жатырмыз, халықтың бізге көмектесуін қалаймыз және олар үшін болашақта төлем оңай жүргізілетін болады. Ол үшін тұрғындар бізге электронды үй кітабымен флешкада немесе басылған түрде келуі керек, — деді «Орал Таза Сервис»ЖШС директоры Рафхат Данағұлов.

БҚО бойынша ХҚКО департаментінің директоры Марат Бассаровтың айтуынша, тұрғындарға электрондық үй кітабын емес, тек белгілі бір мекен-жайда тұратындардың құрамы туралы электрондық анықтаманы алу қажет және оны мекен-жай анықтамасымен шатастырудың қажеті жоқ.

– Анықтаманы электрондық үкімет порталы арқылы алуға болады; e-gov.kz ЭЦҚ арқылы немесе бір реттік пароль арқылы. ЭЦҚ ХҚКО – нан алуға болады, – деді Марат Бассаров.

Оның айтуынша, флешка қорғалмаған тасымалдаушы болып табылады, сондықтан оған ЭЦҚ жазу ұсынылмайды.

— Дұрысы біржолғы пароль қолдану. Құпия сөз арқылы анықтама алу үшін мобильді азаматтар базасында тіркелу қажет. е-gov.kz. Егер сіз смартфоннан кірген болсаңыз, онда анықтама телефонға келеді және оны басып шығаруға болады. Марат Бассаровтың айтуынша, сандық сауаттылықты меңгермеген адамдар үшін ХҚКО-да арнайы электрондық үкімет порталын пайдалануға үйрететін инспектор бар, – деді ол.

Маргарита Зябчук

x
2019-07-16
Утром18.52 ℃
Днем25.41 ℃
Вечером24.16 ℃
Ночью20.96 ℃
Влажность43 %
ДавлениеhPa 1011.79
Скорость ветра2.69 м/с
2019-07-17
Утром19.74 ℃
Днем23.94 ℃
Вечером24.53 ℃
Ночью18.15 ℃
Влажность61 %
ДавлениеhPa 1008.49
Скорость ветра6.49 м/с