Орал әкімдігіне жер сатудан 17 миллион теңгеден астам қаржы түскен

Биылдан бастап жер учаскелерін сату онлайн режимде жүргізіліп келеді. Осындай төрт аукционнан биыл қала қазынасы 17,7 миллион теңгеге толықты.

ашық көздерден алынған иллюстрациялық фото

2019 жылдың басынан бастап жер сауда-саттықтары онлайн режимінде өтуде. Яғни, бизнес үшін жер учаскесін иеленгісі келетіндерге бұрыңғыдай белгіленген уақытта әкімдікке келудің қажеті жоқ. zem.kz. сайтына кірсе болды.

– 17 шілдеде онлайн режимде төртінші жер аукционы өтті. Орал қаласының шетіндегі жалпы сомасы 11,4 миллион теңгеге төрт учаске сатылды. Жыл басынан бері төрт аукционда барлығы 11 жер учаскесі сатылды. Сатудан түскен жалпы табыс-17,7 миллион теңге, – деді Орал қаласының жер қатынастары бөлімінің маманы Аманжан Жагенбай.

Бөлім маманы атап өткендей, сауда – саттықтың жаңа форматы бұрын әкімдікте өткізілген аукциондардан өзгеше емес.

– Бұрын адамдар әкімдікке белгілі бір күні келу керек еді, ал қазір сатып алушылар үшін бәрі әлдеқайда оңай – үйден қатысуға болады. Керегі тек тұрақты интернет және сайтта тіркелу, — дейді Аманжан Жагенбай.

Оралда жер учаскесі рекордтық бағаға сатылды (БЕЙНЕ)

Сондай-ақ,жер қатынастары жөніндегі маман қазір аукциондарда кәсіпкерлер бизнес үшін өздері таңдаған жер учаскелерін жиі сатып ала бастағанын атап өтті.

Оралда бір жер учаскесіне арналған аукционда 14 қатысушы үміткер

— Бізге жергілікті кәсіпкерлер алдын ала келіп, олар қандай учаскені сатып алғысы келетінін айтады. Тек сауда-саттық кезінде осы учаске басқа сатып алушыға да кетуі мүмкін, себебі бұл аукцион. Жер ең жоғары баға ұсынған адамға беріледі, – дейді Аманжан Жагенбай.

Сауда-саттыққа қатысушылардың барлығы жерді емес, тек жалға алу құқығын сатып алады. Сатып алғаннан кейін үш жыл ішінде сатып алушы осы учаскені игеруі тиіс, яғни ғимарат немесе жарнамалық құрылым салу, яғни жер учаскесін нысаналы мақсаты бойынша пайдалануға тиіс.

Жерді өзі сатып алу үшін мемлекетке оның кадастрлық құнын төлеу қажет. Бүгінгі күні Оралда 1 шаршы метр жердің құны 1560 теңге. Осы сомаға қоса, сатып алынатын учаске орналасқан ауданға байланысты есептелетін түзету коэффициенті бар. Мәселен, қала бойынша ол 0,75-тен 2-ге дейін.

Оралда 4 жер телімін сату бойынша Онлайн-аукцион өтеді

Мария Мельникова

x
2019-12-12
Утром-4 ℃
Днем-4 ℃
Вечером-7.53 ℃
Ночью-10.43 ℃
Влажность90 %
ДавлениеhPa 1025
Скорость ветра4.3 м/с
2019-12-13
Утром-11.82 ℃
Днем-7.89 ℃
Вечером-10.43 ℃
Ночью-10.66 ℃
Влажность83 %
ДавлениеhPa 1029
Скорость ветра1.93 м/с