Ақбөкен браконьерлері тағы бір қорықшыны өлтірді

Қайғылы оқиға 23 шілдеде Ақмола облысы Жарқайың ауданының аумағында орын алды.

Сағат 11 – де Ақмола тірек пунктінің «Охотзоопром «ӨБ» РМҚК Орталық аймақтық филиалының инспекторлары ақбөкендерді атқан браконьерлерді ұстады және оларды қудалауды бастады. Белгісіз біреулер құтылу мақсатында «Нива»автокөлігінен қорықшыларға оқ атқан.Екі инспектор оқтан жарақат алды.

Олардың бірі, 43 жасар Қаныш Нұртазинов ауруханаға жете алмай, өмірмен үйлеспейтін жарақат салдарынан қайтыс болды. Екінші инспектор орташа дәрежедегі жарақат алды»,-деп хабарлады орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің баспасөз қызметі. Көкшетаудн хирург, анестезиолог және медбике құрамында санавиация бригадасы ұшып кетті.

Жарақаттанған «Охотзоопром»  инспекторларының бірі  ауруханаға жеткенше көз жұмды.

Ақмола облысының полициясы күдіктілерді іздестіруде.

Қаныш Нұртазиновтың артында төрт баласы -үш қызы мен ұлы қалды.

БАҚ материалдары бойынша

x
2019-12-12
Утром-4 ℃
Днем-4 ℃
Вечером-7.53 ℃
Ночью-10.43 ℃
Влажность90 %
ДавлениеhPa 1025
Скорость ветра4.3 м/с
2019-12-13
Утром-11.82 ℃
Днем-7.89 ℃
Вечером-10.43 ℃
Ночью-10.66 ℃
Влажность83 %
ДавлениеhPa 1029
Скорость ветра1.93 м/с