22.05.2019 в 13:12 743

Другие новости

Жүйкені жұқартпай тойды қалай ұйымдастыруға болады?

Некелесуге дайындық-жүйкені жұқартатын іс, және дәл осы тойдың алдында келіспеушілік, ұрыс, жанжал тіпті тойдан бас тарту болып жатады. Тойдың сынағынан өз мерекесінің режиссері және сценаристі болып, күйгеліктікке салынбай дұрыс ұйымдастыра білгендер ғана өте алады.  Қарапайым ережелер арқылы ұрыспай-таласпай, сіздің арманыңыздағы тойды ұйымдастыру ережесін ұсынамыз.

ЖОСПАРЛАУ

1. Алдын ала дайындық – ең маңызды бөліктердің бірі. Егер күйеу жігіт әдемі сарай мен шекті оркестр туралы армандап, ал қалыңдық балий жағажайында суға шомылып,қыздырынуды ойласа, онда алдын ала барлық ыңғайлы нұсқаларды айту керек. Ұйымдастыру барысында сіз қандай идеялардан бас тартып, ал қайсысын іске асыру керек екенін өзіңіз түсінесіз.

2.Идея мен сценарийдің шамасын белгілеп-бюджетті жоспарлаңыз. 10-20% жоспарланбаған шығындарға қосыңыз. Ең бастыдан (тіркеу, сақина, мейрамхана, көйлек, торт, трансфер, фотограф) төмеңге (мейкап, туфли, букет, байлау, бутоньерка, шақыру) қозғалыңыз. Шағын шығындар аз болып көрінгенмен – нәтижесінде бюджеттің жартысына жетеді, сондықтан таңертеңнен кешке дейінгі тойдың сценарийін ой елегінен өткізіңіз – сонда сіздің шығыстар жоспары неғұрлым егжей-тегжейлі көрінеді.

3. Ал, мүмкін, агент? Тойды өз бетінше ұйымдастыруға болады-бұл, әрине, шығындарды үнемдейді.Бірақта сіздің ұйымдастыру қабілетіңіз төмен болса, агенттікке дайындықты сеніп тапсырған дұрыс. Маман әр түрлі жолдарды қарап, салыстырады, ал сізде уақыт жетпеуі мүмкін. Егер сіз жақсы агентті таңдасаңыз, ол, әрине, қосымша жеңілдіктерді қамтамасыз етеді және сіздің ойыңызға келмеген нәрселерді табады. Сондай-ақ, басқа елде тойлауды шешсеңіз,онда мамандарға сену керек.

ТІРКЕУ

Біздің бағдарламаның басты тармағы-ресми тіркеу. Тек өзіңіз шешесіз — бұл салтанатты театр әсері бар жарқын іс-қимылға айналдырасыз ба, әлде бәрін қысқартып тек кешкі тойды маңызды етесіз бе.

Егер сіз үшін маңыздысы тіркеу болса, онда көшпелі тіркеуді өзіңізге шақыртуға болады.

Тойды шетелде өткізуді жоспарласаңыз. «Діни» үйлену рәсімдерін голливудтық фильмдердің барлық атрибуттарымен ұйымдастыруға болады: католик шіркеуінің антуражы, папа сізді альтарға апарады, міндетті түрдегі  «Сіз келісесіз бе?» дегенге «Иә» деген жауап. Романтика әуесқойлары сондай-ақ алдын ала кабриолет жалға алуға және Just married сүйкімді тақтайшасына тапсырыс беруге кеңес береміз.

Егер сұлулық пен креативті көзқараста болсаңыз, бірақ қосымша шығындар мен заңды нюанстар сізді қорқытса, заңды күші жоқ символдық рәсімді ұйымдастыруға болады, яғни шет елде немесе туған қаладағы тарихи алаңдарда әдемі тіркеу жасауға болады, бірақ АХАЖ бөлімне алдын ала не соңынан тіркелу керек.

Люкс форматтарының ең демократиялық нұсқаларын  Бали, Мальдив немесе Тайландтағы қонақүйде әдемі әуемен, жүргізушімен, дәмді кешкі аспен әсерлі рәсімдеуге болады.Алыс қашықтықтан көп қонақ шақыра алмайсыз, «бал айына» ұштасқан той екеуін бір жерден тауып жинақы, артық шығынсыз болмақ.

КӨЙЛЕК ТАҢДАУ

Егер психологтарға сенсек, әйелдердің 50% ақ көйлек кию үшін той өткізеді, ал осы атрибуттан бас тартатындар көбінесе бір нәрсе жетпейтіндей көрінеді. Бұл мәлімдемені талдамай-ақ қояйық, бірақ көйлек – кез келген тойдың негізгі құрамдас бөлігі екенін мойындаймыз, сондықтан оның таңдауы мұқият болуы керек.

Алдымен үйлену коллекцияларын қарап шығыңыз. Тіпті сіздің басты арманыңыз  болса да, көйлекті киіп көрмей сатып алмаңыз. Мысалы, егер сіз өмір бойы армандаған сәнді киімді интернетте үлкен жеңілдікпен тапсаңыз, -оны дереу сатып алуға асықпаңыз. Армандаған көйлегіңіз басқа жанға ыңғайлы, ал сізге күтпеген жерден басқа ойламаған көйлек келуі мүмкін.

Тойға дейін бір жыл бұрын көйлек сатып алсаңыз да, сәл үлкендеуін алыңыз. Мамандар сізге салмақ қосу немесе салмақ жоғалту қаупімен, той алдынан 2-3 апта бұрын алуға кеңес береді.

Маңызды ұсақ-түйектер

Open bar қызметі (мейрамхана, бар және т.б. шексіз алкоголь) қонақтар үшін мағыналы, егер сіз 20 адам шақырсаңыз. 100 адамға арналған кеш өте қызықты болады, әдемі алаңқайға  немесе террасаға ауыстырсаңыз.

Егер көйлек тойдың сәні болса, онда аяқ киім барынша ыңғайлы болуы керек. Ұзын киімнің астында олар көрінбейді, ал аяқ киімнің ыңғайсыздығы кешті бұзады. Жауапты шешім қабылдауға байланысты уайымдарыңыз, сәнді юбка мен корсет және бастағы шпилканың ауырлықтары да жетеді.

Elle журналының материалдары бойынша

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2025-05-23
Утром14.8 ℃
Днем18.99 ℃
Вечером20.14 ℃
Ночью14.15 ℃
Влажность46 %
ДавлениеhPa 1018
Скорость ветра6.35 м/с
2025-05-24
Утром11.74 ℃
Днем19.59 ℃
Вечером18.79 ℃
Ночью13.45 ℃
Влажность39 %
ДавлениеhPa 1022
Скорость ветра6.83 м/с