07.02.2019 в 10:36 351 0

БҚО Бүгінгі күн суреті Ел

Астанадағы бес қыздың қаза болуы: не болды (ФОТО)

4 ақпан күні түніңде болған өрт үйді жалмап, ең кішкентайы үш айлық бес апа-сіңлінің өмірін қиды. Tengrinews.kz тілшілері қайғылы оқиға орнында болып, отта қаза болған балалардың туысқандарымен әңгімелесті.

tengrinews.kz сайтынан алынған фото

Осы Көктал-1 тұрғын алабындағы уақытша үй-жайда отбасы төрт жыл бойы тұрып келді. Жақын маңда дәл осыған ұқсас құрылыстар орналасқан. Онда отбасының туыстары тұрады.

Үйді көмір пешімен жылытқан. Туған-туысқандарының айтуынша, бұрын еш уақытта қиындық болмаған, олардың үйлерінде де осыған ұқсас пеш тұр.

Үлкені жақында 13 жасқа толуы керек еді, кішісіне — тек үш ай ғана болған. Қазір туыстары балалардың ата-аналарын қолдау үшін жиналуда. Қыздарды 5 ақпанда Астанада жерлейді. Жанұя, көпбалалы болғандықтан жәрдемақы алған. Екі бала мектепте, төртінші және алтыншы сыныптарда оқыды. 2014 жылы туған қыз бала балабақшаға барған екен.

Туған-туысқандарының айтуы бойынша, қыздардың анасы ораушы болып жұмыс істейді сол қайғылы оқиға кезінде түнгі ауысымға шыққан. Балалармен бірге әкесі болған, бірақ оның шұғыл жұмысқа шақыртқан. Ол техникалық қызмет көрсету станциясында механик екен. Туған-туыстары үйді қарайлап жүрген. Соңғы рет олар үйді түнгі екіде тексергенде бәрі тыныш, жарық өшірулі болған, ал сағат үште қатты өрт шыққан.

Құтқарушылар шақыру түскеннен кейін жеті минуттан соң келіп жетті,бірақ үй толығымен жанып кетті — ағаш арқалықтар, қаптау, барлық жиһаз бен техника. Қайғылы оқиға орнында заттар, жұмсақ ойыншықтар шашылып, балалар кереуеті тұр.

Өрт сөндірушілер 40 минутқа жуық өртті сөндірді. Үйлер бір-біріне өте жақын орналасқандықтан, өрттің басқа құрылысқа көшіп кету қаупі болған.

– Біз үрейде болдық. Өрт сөндірушілерді отты көрген адамдардың барлығы шақырды. Олардың бірінші болып кім шақырғанын түсінбесің — дейді отбасының туысы. Қазір ата-аналармен психологтар мен әлеуметтік қызмет мамандары жұмыс істеуде.

Астана әкімі Бақыт Сұлтанов туған-туыстарына көңіл айту айтуға келді. Ол сондай-ақ өрт орнын көрді. Бұған дейін ол шұғыл кеңес шақырып, жерлеуді ұйымдастыруға көмектесуге уәде берді.

– Мектеп тарапынан отбасына мемлекеттік демеушілік көмек аясында қолдау көрсетілді. Педагогтың айтуы бойынша, қаза болған балалар сабақты жібермеген, өздерін жақсы көрсетіп, барлығымен дос болған. Отбасы табысы аз адамдар мәртебесінде тұрмайды, себебі ата-анасының екеуі де жұмыс істеп, табыс табады.(…) Педагогтардың айтуынша, балалар таза және ұқыпты киінген,-деді Астана қаласы әкімдігінің баспасөз хатшысы Эльвира Жүргенбаева.

Астана қаласы ТЖД хабарлағандай, 2018 жылы елордада 699 өрт болды. Оларда он адам қаза тапқан, соның ішінде бір бала. 2019 жылдың басынан бері Астана үйлерінен 69 өрт шықты. Қаза тапқан бес қыз —осы жылдың алғашқы өрт құрбандары.

Естеріңізге сала кетейік, 4 ақпанда түнде Сарыарқа ауданының Көктал-1 тұрғын алабында өрт шықты. Нәтижесінде 13, 10, 5, 3 жас және үш айлық бес бала қаза тапты.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам.
В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать – перейдите вот сюда

Можно поддержать нас и через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2021-01-12
Утром-22.33 ℃
Днем-20.04 ℃
Вечером-17.65 ℃
Ночью-17.45 ℃
Влажность87 %
ДавлениеhPa 1026
Скорость ветра1.65 м/с
2021-01-13
Утром-17.56 ℃
Днем-14.72 ℃
Вечером-14.39 ℃
Ночью-13.16 ℃
Влажность94 %
ДавлениеhPa 1031
Скорость ветра3.93 м/с