БҚО-да ауыл тұрғындарына әкімнің кездесуінде сұрақтар қоюға тыйым салынды

БҚО әкімі Алтай Күлгінов аудан әкіміне ауыл тұрғындарынан оларға сұрақтар қоюға тыйым салынды деген шағымдардан кейін екінші мәрте есеп беру кездесу өткізуді тапсырды.

Теректі ауданының Федоровка кентінде өткен есеп беру кездесуінде БҚО әкімі Алтай Кулгинов (оң жақта) және Теректі ауданының әкімі Әділ Жоламанов 5 ақпанда. Фото zhailpress.kz

Теректі ауданының Новопавловка ауылының тұрғындары облыс әкімі Алтай Күлгіновке өздерінің ауылдарында жергілікті әкім оларға аудандық биліктің көзінше ауылдың мәселелерін айтуға тыйым салғанына шағымданды. Бұл туралы 5 ақпанда аудан орталығында Алтай Күлгіновтың қатысуымен өткен аудан әкімінің есеп беру кездесуінде Новопавловка тұрғыны Жанаргүл Серікбай айтты.

– Біздің ауыл әкімі Әліби Аманғазы және әкімдіктің қызметкерлері әкімінің есеп беру кездесуіне аудан әкімінің қатысатынын және оған осы кездесуге ауылдағы проблемаларды айтуға немесе жағымсыз мәселелерді сұрамауымыз керектігін ескертті. Әкімді тыңдамай проблемалық мәселелерді көтерген адамдарды екі күннен кейін ауыл әкімдігіне шақырып, түсініктеме жазуға мәжбүрледі, – деді облыс әкіміне Жанаргүл Серікбай.

Алтай Күлгінов есеп беру кездесулері халыққа билік алдында проблемалық мәселелерді қоюға мүмкіндік беру үшін, ал ауыл тұрғындарына шынымен қысым көрсеткен болса, бұл мүлде дұрыс емес екенін айтты. БҚО әкімі дереу әріптесі Теректі ауданының әкімі Әділ Жоламановқа Новопавловка ауылының тұрғындарымен қайталап екінші есеп беру кездесуін өткізу туралы тапсырма берді.

– Аудан орталығына ауылдан бүтін делегация болып шықтық. Біз аудан басшылығына және облыс басшылығына біздің ауыл әкімінің ауылда қандай тәртіп орнатқаны туралы нақты айтуға келдік. Біздің ауылда шешілмей жатқан проблемалар өте көп, облыс әкімінің мұндай шешім қабылдағанына өте қуаныштымын , – деді «Орал апталығының »тілшісімен сөйлескен Жанаргүл Серікбай.

Ол сондай-ақ аудан әкімінің есеп беру кездесуінде ауыл әкімін сынағаннан кейін, оны аудандық прокурор қабылдағанын айтты.

– Аудандық прокурор маған ауылдың проблемалары туралы толығырақ сұрап-біліп және ауылдағы ауыз судың бағасын дұрыстауға уәде берді. Ол біздің ауыл әкімінің екінші есеп беру кездесуіне қатысатынын айтты, – деді Жанаргүл.

Лукпан Ахмедьяров

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам.
В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать – перейдите вот сюда

Можно поддержать нас и через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2021-01-12
Утром-22.33 ℃
Днем-20.04 ℃
Вечером-17.65 ℃
Ночью-17.45 ℃
Влажность87 %
ДавлениеhPa 1026
Скорость ветра1.65 м/с
2021-01-13
Утром-17.56 ℃
Днем-14.72 ℃
Вечером-14.39 ℃
Ночью-13.16 ℃
Влажность94 %
ДавлениеhPa 1031
Скорость ветра3.93 м/с