БҚО полициясы әйелге шабуыл жасаған видеоға қатысты түсініктеме берді
Полиция департаментінде 37 жастағы ер адам 73 жастағы әйелдің телефон ұрлау үшін шабуыл жасаған деп хабарлады. Қазір қылмыскер табылып, ұсталды.

— Төртінші ақпан күні кешкі сағат бес шамасында Гагарин көшесіндегі 99 үйдің ауласында 37 жастағы ер адам 73 жастағы әйелдің телефонын ұрлап кеткен. Тонау кезінде күш көрсету болды,-деді БҚО ІІД баспасөз хатшысы.
Орал қалалық полиция басқармасының патрульдік полиция батальонының қызметкерлері зейнеткерді тонап, ұрған күдіктіні құрықтады.
– Ұсталған адам уақытша ұстау изоляторына орналастырылды. ҚР ҚК 191 — бабының 1-бөлігі «тонау» бойынша тергеу басталды, – деп хабарлайды БҚО ІІД баспасөз хатшысы.
Естеріңізге сала кетейік, әйелге шабуыл жасау мен оны ұрып-соғу бейне кадрлары көшедегі бейнебақылау камераларына түскен.
Мария Мельникова