Оралдағы мектеп асханаларында санитарлық тәртіптің бұзылуы анықталды

«Нұр Отан» партиясының Батыс Қазақстан облыстық филиалы мониторинг барысында мектептегі тамақтанудың бұзылуы анықталды. Бұдан басқа бірнеше мектепте комиссия мүшелері бірқатар заң бұзушылықтарды тапты.

Иллюстрациялық фото.

Оралдағы бірнеше мектептің асханасында санитарлық нормаға қойылатын талаптар бұзылды. Мұны қаланың барлық мектеп асханаларын тексерген арнайы құрылған комиссия анықтады. «Нұр Отан» партиясы БҚО филиалының бастамасымен ұйымдастырылған комиссия құрамына ата-аналар, депутаттар, педагогтар кірді.

Тексеру барысында бірқатар бұзушылықтар анықталды. Мысалы, №7 ЖОМ асханасында мектеп тағамдарына қосылған сосискалар сапасы күмәнді болып шықты. 10 мектептің асханасында да бірқатар санитарлық нормалардың бұзылғандығы анықталды.

– 10 мектептің асханасында ауыз су бұрқақтары жұмыс істемейді. Санитарлық нормаларға сәйкес сүзілген су немесе су құйылған ыдыс мектептерде тұруы керек. Сондай-ақ, балаларды тамақтандырған ыдыс-аяқтар сынық болды. Біз қалалық білім бөлімінің басшылығын хабардар етіп қойдық, олар шара қолданатын болады, — деді Батыс Қазақстан облысы «Нұр Отан» филиалының бірінші орынбасары Мұхтар Дәулетжанов.

«Нұр Отан» партиясы БҚО филиалының бірінші орынбасарының айтуынша, асханаларды жалға берушілер жеке компаниялар болып табылады. Бірақ қандай компаниялар екенін нақты айтқан жоқ.

Оқушылардың ыңғайлылығы мен денсаулығына байланысты бірқатар бұзушылықтар анықталды.

— 10 мектепте кіре беріс есіктерінің бірі сынған, соның салдарынан фойеде салқын болды,-деп толықтырды Дәулетжанов.

Комиссия бұл бұзушылықтарды жоюға уақыт береді, кейіннен бұл асханаларда қайтадан тексерулер өтеді, деп қосты ол.

21 және 42 мектепте тексеру бұзушылықсыз өтті. Кейбір мектептерде тамақтану сапасын бақылау бойынша арнайы комиссиялар құрылған.

Бұл партиялық жоба жыл басынан бастау алды. Денсаулық сақтау министрлігінің бұйрығы бойынша мектеп асханаларына мониторинг жүргізіледі. Тамақтану нормасына чипстер, қуырылған өнімдер мен газдалған сусындарға жол берілмейді. Мектеп асханаларының мониторингі маусым айына дейін жалғасады.

Маргарита Зябчук

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам.
В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать – перейдите вот сюда

Можно поддержать нас и через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2021-01-12
Утром-22.33 ℃
Днем-20.04 ℃
Вечером-17.65 ℃
Ночью-17.45 ℃
Влажность87 %
ДавлениеhPa 1026
Скорость ветра1.65 м/с
2021-01-13
Утром-17.56 ℃
Днем-14.72 ℃
Вечером-14.39 ℃
Ночью-13.16 ℃
Влажность94 %
ДавлениеhPa 1031
Скорость ветра3.93 м/с