«Өзің түсесің бе, әлде көмектесейік пе?»- Оралда мектеп оқушысын автобустан түсіріп кетті (БЕЙНЕ)
№4 автобустың кондукторы 13 жасар Вероника Коловертнованы үйінен үш аялдама бұрын түсіріп кетті. Оның аязда жаяу жүруіне тура келді. Көше қараңғы болатын.

ЭБГ ЖОМ 8 сынып оқушысы, 13 жасар Вероника Коловертнова, кешкі 7-ге жақын №2 емханадан анықтама алып қайтып келе жатты.
— Мен «Автобекет» аялдамасынан отырып, жолақысын ертерек беріп тастайын деп кондукторға жақындадым. Кондуктор-қыздың нешедесің деген сұрағына, 13 деп жауап бердім. Бірақ ол маған сенбей құжаттарымды көрсетуді талап етті. Менің оған менің барлық деректерім — тегім, атым, туған жылым көрсетілген медициналық анықтамамды көрсеттім. Бірақ оған мұным жарамай, ол маған «өзің түсесің бе, әлде көмектесейік пе? деді- деп Верониа сол кештің оқиғасын еске алады.
Автобустың іші халыққа толы болғанына қарамастан, ересектердің ешқайсысы мектеп оқушысына араша түспегесін, оған автобустан шығуға тура келді.
— Мені «ЖЭО» — нан түсіріп кетті, мен екі аялдамаға кейін -«22-ші мектептен» түсуім керек еді. Үйге жаяу баруға тура келді, көпір астынан өткенде, қорқынышты болды, — дейді Вероника.
Үйге оқушы жылап 40 минутқа жуық уақыт жүріп жетті. Ол үйге көз жасына ерік беріп, қатты тоңып, қорыққанынан дірілдеп келді, дейді оның анасы Любовь Толстова.
— Мен оны қайда іздеу керектігін білмедім. Алдынан шығайын ба, әлде полицияға барайын ба? Қырсық шалғандай сол кеште Верониканың телефоны да өшіп қалады. Мен тіпті оған қоңырау да шала алмадым, — дейді Любовь Толстова.
Келесі күні Любовь №4 маршрут тиесілі автопарк басшылығына хабарласқан болатын, бірақ «Батыс Қазақстан автопаркі» ЖШС кәсіпорнының сайтында көрсетілген нөмірлері бойынша ешкім тұтқаны көтермеген.
— Автопаркті ала алмағасын, әкімдікке бардым. Сол жерде мені ТКШ және жолаушылар көлігі бөлімінің бастығы қабылдады. Аты-жөнін ол айтпады ма, әлде мен есіме сақтамадым ба, білмеймін, есімде жоқ. Ол менің деректерімді күнделігіне жазып алды, бірақ менің өтінішімді қабылдамады, — дейді Любовь.
Біз «Батыс Қазақстан автопаркі»ЖШС басшылығына хабарластық. Кәсіпорынның орынбасары Данияр Мұхтаровпен сөйлесудің сәті түсті.
— Бізге ешқандай шағым түскен жоқ. Мен бұл жағдай туралы ештеңе білмеймін, — деді Данияр Мұхтаров.
Біздің қыздың анасы қоңырау шалып, ала алмаған ғой деген ескертуімізге,ол бұл мүмкін емес, барлық телефондар қосулы деп жауап берді.
— Ол маған жеке қоңырау шалсын. Біз анасымен, қызбен сөйлесеміз, осы жағдайдың қалай болғанын тексереміз, қай автобус екенін, жүргізуші кім екенін анықтаймыз. Егер факт расталса, жүргізуші түсініктеме жазады, — деді Данияр Мұхтаров.
Естеріңізге сала кетейік, осыған ұқсас оқиға Орал қаласында болған еді — 23 қаңтар күні 8 жасар Ерасыл Ризоковты жол ақысына деген ақшасын жоғалтып алғаны үшін №2 автобустан түсіріп тастаған. Баланың аязда үйіне жаяу баруына тура келді. Кейін «ОралТехСервис» басшылығы автобустың кондукторын жұмыстан босатты.
Мария Мельникова
