Оралда оқушылардың телефонын бопсалаған ұрыны соттады
О
23 жасар Кирилл Баныкин мектеп оқушыларынан ұялы телефондарды бопсалау үшін кінәлі деп танылды. Оны 4,5 жылға қатаң режимге соттады.

7 ақпанда қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты 23 жастағы Кирилл Баныкинді: ҚР ҚК-нің 191-бабының 2-бөлігінің 1 және 2-тармақтарымен «жәбірленушінің өміріне немесе денсаулығына қауіпті емес күш қолдану арқылы не бірнеше рет күш қолдану қатерін төндіріп жасалған тонау» үшін; ҚР ҚК-нің 190-бабының 2-бөлігінің 2-тармағымен «бірнеше рет жасалған алаяқтық үшін «кінәлі деп танылды. Сонымен қатар, қылмыс кезінде Кирилл Баныкин бір шартты мерзімді өтеп жүрген болатын. Бұл да үкімге әсер етті.

— Сот Кирилл Баныкинді қатаң режимдегі колонияда 4 жыл және 6 айға кінәсін өтеуге үкім шығарды. Колонияда оны есірткіге тәуелділіктен мәжбүрлеп емдейтін болады, — деп хабарлады судья Асқар Исмайлов.
Сонымен қатар, сот Баныкинді жәбірленушілерге жалпы сомасы 831 220 теңгені құрайтын материалдық шығынды төлеуге міндеттеді.
Естеріңізге сала кетейік, Оралда мектеп оқушыларының ұялы телефонын бопсалағаны үшін екі айға қамауға алынған болатын
Маргарита Зябчук
