Қарашығанақта жұмысшылар ереуілінің себебі жоғары жалақы болуы мүмкін
7 ақпан күні «KКS-SICIM» жұмысшыларының ереуілі сыртқы қысымның әсерінен болуы мүмкін. Компания басшылығы ереуілді өздеріне күтпеген жағдай деп атады.

«Орал апталығы» журналистері 7 ақпан таңертең жұмысқа шықпаған «KКS-SICIM» ауысымдық қалашығынды болды. Біз келгенде ол жерде ешқандай жұмысшылар болған жоқ. Компания басшылығымен келіссөздер осы уақытқа дейін аяқталып, осы келіссөздер нәтижесінде жұмысшылар КПО б.в.-ның тапсырысы бойынша — Қарашығанақ кен орнындағы зауыттың құрылысын салу жұмысын жалғастыруға келіскен.Телефон арқылы байланыста болған жұмысшының сөзінше, келіссөздер аяқталды, компания басшылығы олардың жалақыларын ішінара көтеруге келісті. Бірақ, жұмысшылар өздері бұрынғы жалақыларын және жаңа соманың мөлшерін айтудан бас тартты.
— Бізге жалақыны 50% -ға көтереді. Менің айтарым тек осы, — деді өзін Бақтияр деп таныстырған жұмысшы телефон арқылы.
Компанияның атқарушы директоры Алтын Кұлбаева бізбен кездесуге келісті. Оның айтуынша, 7 ақпанда таңертең 180 қызметкер жалақыларын көтеруді талап етіп, жұмысқа барудан бас тартты.
— Біз үшін бұл күтпеген жағдай болды. Бұған дейін жалақыға байланысты жазбаша шағымдар мен келіспеушілік түскен жоқ. Жұмысқа шықпаған жұмысшылардың 70% -ы жақында жұмысқа кірген жұмысшылар. Біз оларды қаңтар айында жұмысқа алдық, олар әлі жалақы да алмады, сондықтан біз олардың жалақысын азайттық немесе аз төлеп қойдық деп айта алмаймын. Біз Қарашығанаққа жақында келдік. Бізде КПО тапсыруымен үлкен жоба бар. Алдын ала жұмысшыларды жұмысқа алмас бұрын, біздің компания жергілікті нарықтағы жалақы жағдайын мұқият зерттеді. Мен сіздерге Қарашығанақта жұмыс істейтін басқа компанияларға қарағанда, біздер жалақының жоғары мөлшерін белгілеп қойғанымызды жауапкершілікпен айта аламын, — деді Алтын Күлбаева.
Біздің әңгімелесуші жұмысшылардың нақты алатын жалақы мөлшерін айтудан бас тартты, тек»SICIM» компаниясы мен басқа да жергілікті компаниялар арасындағы жалақы айырмасы 50% -дан асады деді. Біз келгенге дейін келіссөздер процесінің қалай аяқталғаны туралы Алтын Құлбаевадан сұрағанымызда, компания талаптарды ішінара орындауға шешім қабылдады, бірақ қанша екенін айтудан бас тартты.
Сондай-ақ, оның айтуынша, компания жұмысшыларға арналған ауысымдық қалашық құрылысына 10 миллионнан астам доллар бөлген.
— Мен әртүрлі жобалар бойынша көптеген қалашықтарды көрдім, Қарашығанақтағы кез-келген компанияда жұмысшылар үшін мұндай жағдай жасалмаған. Біз Қазақстандағы ең ірі жұмыс беруші компаниямыз. Біз 6 мың адамға жұмыс беріп отырмыз, — деді Алтын Құлбаева.
Осы сөздерден кейін біз жұмысшылардың ереуілінің себептері туралы сұрадық. Алайда, Алтын Құлбаева әңгіме барысында нақты себебін білмейтінін айтты.
Компания қызметкерлерімен әңгімелесу барысында біз ауысым қалашығы аумағында ереуілдің басқа себептерін де естідік.
— Компания мынандай саясат жүргізеді — бастапқы жобаларда бұрыннан жұмыс істеген жұмыскерлерді қысқартпау үшін, жаңа жобаға жұмыс ұсынылады. Мұнда жұмыс істейтін жұмысшылар бұрын Атырау облысында «SICIM» жобаларында жұмыс істеген. Онда мына жобаға қарағанда жалақы көп болды. Компанияның Қарашығанақта жаңа жоба бар екенін айтқан кезде, мұнда жалақының төмен болатыны ескертілді. Көптеген адамдар сол себепті мұнда келмеді. Бірақ келісіп, жұмысқа шыққандар жалақының аздығына өздерінің наразылығын жасырмады.Бәрінің де көп ақша алғысы келетіні шындық. Сондықтан да, бүгінгі ереуілге мұрындық болған Атыраудағы сияқты көп ақша тапқысы келген «тіс қаққан» жұмысшылар болуы мүмкін деді, басылымға өз атын атамауды бір жұмысшы.
Бөрлі ауданының әкімдігіндегі ақпарат берушінің сөзінше, ереуілге себеп болған тағы бір нұсқа бар.
— «SICIM» компаниясындағы жалақы Қарашығанақтағы басқа жергілікті мердігерлерге қарағанда әлдеқайда жоғары. Сондықтан да соңғыларға бұл ұнамады, себебі олардың жұмысшылары»SICIM» компаниясына кете бастады. Менің білетінім, жергілікті компаниялардың басшылары «SICIM» басшыларын еңбекақы төлеу деңгейін төмендетуге көндіруге тырысты. Бірақ олар келіспеді. Тіпті біздің аудандық әкімдіктер мен аудандық мәслихаттың депутаттары»SICIM» компаниясын қыспалауға қатысты. Мен олардың қандай келісімге келгенін білмеймін, бірақ бүгінгі қысқа ереуілден кейін, «SICIM» өз жұмысшыларының жалақысын көтеруге келісті,- деп хабарлады ақпарат беруші.
Sicim компаниясы жұмысшылары ереуілінің репортажының толық нұсқасын 13 ақпанда сатылымға түсетін «Орал апталығы» газетінің жақын нөмірінен оқи аласыз.
