Орал тұрғындары ХҚКО жұмысына наразы(БЕЙНЕ)

Бүгін «ОА» редакциясына Халыққа қызмет көрсету орталығы қызметкерлерінің жұмысына бірнеше адам шағымданды. Адамдар нөмірлі талон алу үшін сағаттап кезекте тұрғандарына наразы . Орталық қызметкерлері ақпаратты толық бермейді, сондықтан қайтадан кезекке тұрып, уақыт жоғалтасың. «ОА» журналистері жағдайды сол жерде түсіну үшін ХҚКО-на барды.

— Мен кәсіпкермін, ХҚКО жиі боламын. Бүгін мен мұнда бірнеше сағатқа айналдым, себебі нөмірлі талонды алу үшін бір сағат бойы тұрдым. Ақпаратты маған дұрыс бермеді, сондықтан да бәрін қайта нақтылау үшін қайтадан кезекке тұруға тура келді. Мұнда адамдар қашан келсең де осылай көп. Мекенжай анықтамасын алу үшін электрондық қолтаңбасы қажет зейнеткерлер баршылық. Оларды флэшка сатып алуға жібереді, ал ол болса 1200 теңге тұрады. Әжелер мен аталар олардан не керектігін түсінбейді, оларға ешкім түсіндіріп те жатқан жоқ. Қарт адамдарға бұл қызметті жеңілдетуді ойлау керек қой, — дейді ХҚКО-ға жүгінген Светлана Аманова.

Талонды алу үшін ұзын сонар кезек бітпейді. Қызмет көрсететін тұрақты менеджерлердің орнында адамдар ағымына үлгіре алмай тұрған тек екі қызметкер бар.

— Мен бір жарым сағат бойы осында тұрмын, алдымен талон алуға 40 минут кетті, содан кейін екі минут ішінде-ақ кеңесші одан әрі не істеу керектігін түсіндірді. Құжаттарды әрі қарай толтыру үшін, маған қайтадан талонға кезекке тұруым керек. Ал бұл қырық минутты тағы да жоғалту деген сөз— себебі кезек азаймайды, — дейді құжаттарды ресімдеу үшін орталыққа келген Елена Колотухина.

Елена Золотухинаның айтуынша, ол бас менеджермен сөйлескенде, ол мұндай жағдай орталыққа қызметкерлердің жетіспейтінінен туындады деп түсіндірген.

— Күйеуім екеуміз жарты сағат бойы талонға кезекте тұрамыз. Менің күйеуім — 2 топ мүгедегі. Бізге тек мекенжай анықтамасы керек пе, керек емес пе, соны білу керек. Мұнда ештеңе сұрай алмайсың, саған жауап бермейді немесе талон алуға жібереді. Мүмкін, бізге бұл анықтама қажет емес, ал біз мұнда көп уақыттан бері тұрмыз. Тек адамдарды қорлау ғана,-дейді ХҚКО — на кеңес алу үшін келген Валентина Агафонова.

ХҚКО басшылығымен сөйлесе алмадық. Қызметкерлердің айтуынша, бүгінгі таңда бас менеджер- кабинеті екінші қабатта орналасқан Индира Нұғманова екен. Көтерілгенде, біз оны жұмыс орнында таппадық. Бізге ол бірінші қабатқа түсіп кетті, қазір келеді деді. 15 минут күтіп, менеджерді көре алмай, қайтадан бірінші қабатқа түстік. Онда бізге Индира Нұғманова екінші қабатқа көтеріліп кетті деп айтты. Бірақ, біздің сол жақтан келе жатқанымызды біліп, ХҚКО қызметкері оған шұғыл қоңырау шалу керектігін есіне түсірді.

Мария Драчева

Бейне: Нұрлыбек Емранов

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2026-08-16
Утром11.2 ℃
Днем22.33 ℃
Вечером22.85 ℃
Ночью14.82 ℃
Влажность33 %
ДавлениеhPa 1012
Скорость ветра7.39 м/с
2026-08-17
Утром10.41 ℃
Днем25.77 ℃
Вечером29.04 ℃
Ночью19.99 ℃
Влажность42 %
ДавлениеhPa 1010
Скорость ветра7.79 м/с