Ақтаудың бас судьясы қызметінен босатылды

Ақтау қалалық сотының төрағасы Мәлік Кенжалиев судья әдебіне қайшы келетін теріс қылық жасауына байланысты қызметінен босатылды, деп хабарлайды Лада

Lada.kz мұрағаттан алынған Фото

Судья теңіз жағасында коттедж салу үшін жұмыс бригадасын жалдады, оларға жұмыстары үшін 3,6 миллион теңге төлеуге уағдаласты. Бірақ екі жыл бойы бригадирге қоқан-лоқы көрсетіп, жарты ақшасын қайтармаған. Бұл туралы Маңғыстау облыстық сотының баспасөз қызметі хабарлады.

Сот жюриінің тәртіптік комиссиясы 2019 жылы 7 ақпанда Мәлік Кенжалиевті қалалық сот төрағасы қызметінен босату туралы шешім қабылдады.

Комиссия Каспий теңізінің жағасында коттедж салу кезінде Мәлік Кенжалиев жұмыс бригадасын (Өзбекстан азаматтарын) жалдағанын анықтады. Сот төрағасы соманың жартысын төлей отырып, екі жыл бойы ақшаны қайтармай, 1,8 миллион теңге жұмысшыларға қарыз болып қалды.

Бригадир Мәлік Кенжалиевке бірнеше рет телефон арқылы және смс-хабарлама арқылы қалған соманы қайтарып беруді өтініп хабарласқан, бірақ, облыстық соттың баспасөз қызметі хабарлағандай, бұрынғы төраға ақша қайтарудан жалтарып, балағат сөздер айтып, бригадирді түрмеге отырғызамын деп қорқытқан.

— Судья әдебі кодексінің 1-бабына сәйкес судья өз антына адал болуға, этика ережелерін мүлтіксіз сақтауға тиіс. Судья сот билігінің беделін кемітіп, судьяның беделіне нұқсан келтіруі мүмкін кез келген іс — әрекеттерден аулақ болуға тиіс,-деп атап өтті облыстық соттың баспасөз қызметі.

Маңғыстау облыстық соты төрағасының өкімімен Ақтау қалалық соты төрағасының міндетін уақытша Гүлмаржан Әділсұлтани атқарады.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2026-04-15
Утром12.17 ℃
Днем21.83 ℃
Вечером17.39 ℃
Ночью14.15 ℃
Влажность40 %
ДавлениеhPa 1011
Скорость ветра9.02 м/с
2026-04-16
Утром6.11 ℃
Днем10.84 ℃
Вечером12.27 ℃
Ночью8.57 ℃
Влажность40 %
ДавлениеhPa 1023
Скорость ветра7.46 м/с