Азаттықтың репортері Сания Тойкенді полиция бөлімшесіне жеткізді

12 ақпанда сұхбат жүргізген Азаттықтың репортері Сания Тойкенді Астана қаласындағы полиция бөлімшесіне жеткізілді.

Азаттық репортері Сания Тойкен.

— Үкіметке талап қойған бірнеше аналарға қысым көрсетіп жатқандарын хабарлады. Мен олардың бірінің үйіне, Сабира Есімхановаға сұхбат алу үшін келдім. Содан кейін Көктал — 1 шағын ауданындағы Күнсұлу Ысқақованың үйіне бардым. Онда полицейлер кезекшілік етті. Олар менің жеке үйге неге келгенімді сұрады, сосын басқармаға бару керектігімді айтты, — деп хабарлады азаттықа тілшісі.

Полиция қызметкерлерімен бірге Сәния Тойкен Астана қаласының Сарыарқа ауданының полиция басқармасына барды. Онда журналистпен жарты сағат бойы қылмыстық іздестіру бөлімінің бастығы Данияр Әділов сөйлесті. Содан кейін репортер жіберілді.

Әділов Тойкенге «Күнсұлу Ысқақованың үйін тонағысы келетіндер бар, сондықтан оны полиция күзетеді»деп хабарлады.

4 ақпан күні кешке Астанада Көктал-1 шағын ауданында жекеменшік үйлердің бірінің ауласында уақытша үй жай өртеніп кетті. Нәтижесінде бір отбасының бес баласы қаза тапты. Осы қайғылы оқиғадан кейін елде биліктен осындай отбасыларды қолдауды күшейтуді талап ететін көп балалы аналардың сөз сөйлеуі басталды.

6 ақпанда астананың жүздеген тұрғыны әлеуметтік жәрдемақы мен көмекті ұлғайтуды, көп балалы отбасылардан шыққан балаларға тегін білім беруді, тегін медициналық қызмет көрсетуді және тұрғын үйді беруді талап ететін акция өткізді. Кейінірек ұқсас талаптарды елдің басқа аймақтарындағы әйелдер де ұсынды. Осы акциялардан кейін олардың кейбір қатысушылары полицияның оларға қысым көрсете бастағанын мәлімдеді. Азаттык тілшісі Сания Тойкен осы мәселе бойынша ақпарат жинаумен айналысты.

Ақпарат көзі:azattyq.org

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2025-11-10
Утром1.88 ℃
Днем7.82 ℃
Вечером8.99 ℃
Ночью8.28 ℃
Влажность66 %
ДавлениеhPa 1021
Скорость ветра6.27 м/с
2025-11-11
Утром7.57 ℃
Днем8.4 ℃
Вечером8.8 ℃
Ночью8.23 ℃
Влажность78 %
ДавлениеhPa 1017
Скорость ветра4.26 м/с