Оралда 5 қабатты үйдің шатыры опырылды

Өткен сенбі күні Кердері 129 көшесіндегі 5 қабатты тұрғын үйдің шатыры құлап кетті. Енді үй тұрғындары көктемді күтуде, өйткені қар ерісе, үйді су басып қалуы мүмкін.

Тұрғындар олардың шатырына күрделі жөндеу қажет деп баяғыда айтқан. Өткен жылы олар ТКШ бағдарламасына кіру үшін құжаттар жинай бастады.

— Бізге қала әкімдігі және «ПИК» Нұр » шатырға жөндеу керек екендігін түсіндірді. Тұрғын үй — коммуналдық шаруашылық бағдарламасына кірсек қана, бізді кезекке қояды екен,-деп түсіндірді 5-қабаттың тұрғыны Гүлнара.

Оның айтуынша, олар құжаттарды рәсімдеп болғанша, шатыр опырылып кеткен.

9 ақпан, түске қарай қатты бір дыбыс естілді. Карадық, аулада ештеңе көрінбеді. Төбедегі мұздар қаңалтырға түскен болар деп ойладық. Түстен кейін көршіміз шатырға көтеріліп, шатырға қолдау көрсеткен арқалықтардың құлап кеткенін көрді, — дейді ол.

Әйел НҰР ПИК-не және әкімдікке қоңырау шалған, демалыс күні болатын. Дүйсенбі күні келуге уәде берді.

— Кейін бізге ТЖ қоңырау шалып, «сіздің нөміріңізді берді, не болды, өмірлеріңізге қауіп жоқ па? деп»деп сұрады. Мен оларға: егер арқалықтар құлап қалса, қалай ойлайсыз»-деп жауап бердім.

Әйел құтқару қызметін келгенше, тұрғындардың бірі өз күшімен шатырдың астына тіреуді қойды, дейді

— Дүйсенбі күні таңертең ТЖ-тар келіп, шатырдың сыртын және барлығын суретке түсірді де кетті, — дейді Гүлнара.

Кешкісін әкімдік пен «Нұр» ПИК келіп, оларға құжаттар жинауды айтты, бірақ бұл бір күннің жұмысы емес, ресімдеу үшін көп уақыт кетеді деген. Тұрғындардың айтуынша, кейбір көршілер оны рәсімдеуден бас тартуда,себебі пәтер иелері қажет, ал онда пәтер жалдаушылар көп, кейбіреуі сатып жатыр.

— Түнде ұйықтау қорқынышты, таңартең «түн аман өтті-ау»деген оймен тұрамыз. Тіпті таңертең туған-туысқандар, тірісіңдер ме, деп телефон шалып сұрап жатады,— дейді Гүлнара.

— Бізге кем дегенде қар тазалауға көмек қажет. Биылғы жылы қар көп түсті, ауыр салмақтан арқалықтар шыдамаған шығар, — дейді тұрғындар.

Бізге ПИК: «Сіздерге күрделі жөндеу қажет, ал біздің оған қатысымыз жоқ, ұнамаса ПИКтен кетіңіз». Кім одан шығады.

ТЖ департаментінде шатырдың қар қысымынан құлағанын растады.

Шатыр көп қардың қысымынан құлады. Соңғы рет шатыр өткен ғасырдың 80-ші жылдары жөнделген. Көктем басталысымен шатырды қардан тазарту қажет, өйткені еріген қар су болып, су басуы мүмкін, — деп хабарлады БҚО ТЖ алдын алу бөлімінің бастығы Марс Отаров.

12 ақпанда қала билігі ПИКке көпқабатты үйлердің шатырынан қарды тазартуды бұйырған.

Маргарита Зябчук

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2026-10-06
Утром-1.35 ℃
Днем10.99 ℃
Вечером12.04 ℃
Ночью10.34 ℃
Влажность40 %
ДавлениеhPa 1018
Скорость ветра4.64 м/с
2026-10-07
Утром9.46 ℃
Днем16.81 ℃
Вечером16.11 ℃
Ночью13.46 ℃
Влажность56 %
ДавлениеhPa 1013
Скорость ветра8.06 м/с