БҚО-да саңырау әйел прокурорға шенеуніктердің жеке өмірі туралы ақпаратты таратқаны туралы шағымданды

25 жастағы есту қабілетінен айырылған «Орал апталығы» басылымының кейіпкері билік ол туралы жарияланымға қалай жауап бергеніне наразы.

Алтын Дүйсенова прокурорлық ықпал ету шараларын қабылдауды және шенеуніктердің іс-әрекетіне заңдық баға беруді сұрайды.

— Ақпан айының алғашқы күндері мен «ОА» редакциясына менің қиын жағдайым туралы жарияланым жасау туралы өтініш бердім. Мен 25 жылдан бері кереңдікпен ауырамын, менің асырауымда 1-топ мүгедегі қызым бар. Мен осы жылдар бойы есту қабілетінен айырылуыма байланысты мүгедектік ала алмай келемін — дейді әйел.

8 ақпан күні «Орал апталығы» газетінің сайтында «БҚО мүгедек баласы бар саңырау әйел әлеуметтік көмекке қол жеткізе алмайды (БЕЙНЕ)»деген тақырыпта бейнематериал жарияланды.

— Бұл материал мен журналистерге менің шағымым жоқ. Бірақ жарияланымнан кейін мүгедектер ісі жөніндегі бөлім бастығы Құрманбаева газет редакциясына хат жолдады. Онда ол менің жеке өмірім туралы ақпаратты таратуға мүмкіндік берді. Мемлекеттік органның менің жағдайыма деген көзқарасын көрсетудің орнына, Құрманбаева өз жауабында менің азаматтық күйеуім бар екенін, оның жұмыс істейтінін, тіпті қанша табатынына дейін жазған. Мен жай түскендей жағдайда болдым. Олар бөтен әмиянға кіріп қана қоймай, осындай лас ойға түсіп, менің барлық кірістерімді санауға көшті. Менің кіммен тұратыным, кімге керек?! Иә, менің досым бар, бірақ бірге тұрады деуге келмейді, себебі ол бөлек тұрады. Оның өз үйі, өз өмірі бар. Ол менімен өз жалақысын бөлісуге міндетті емес. Үйлестіру басқармасының мына ісі, ашу тудырады! – деп есептейді Алтын Дүйсенова.

Оқырмандарға түсінікті болу үшін Алтын Дүйсенованың рұқсатымен жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының біздің жариялымға берген жауабынан үзінді келтіруді жөн көрдік.Мемлекеттік органның хатында хабарланғандай: » Құнанбаев Жәдігер Жүрсенұлы, Дүйсеновамен азаматтық некеде тұр. Азаматтық күйеуі 2018 жылдың 5 ақпанынан бастап Круглоозерный арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы КММ-де аула сыпырушы болып жұмыс істейді. Еңбекақы 42 249 теңгені құрайды».

Үйлестіру басқармасы редакцияға жазған хатында біздің басылымдағы кейіпкердің барлық табысын мұқият есептегенін, бірақ басқарманың оның жағдайына қалай көмектесе алатыны туралы ешқандай сөз жоқ екенін айта кетеміз. Өз хатының соңында шенеуніктер редакциядан жарияланымды теріске шығаруды талап етіп, сотқа береміз деп қорқытты.

— Мен бұдан кейін қайтадан естейтін адам болып кетпедім. Менің қызым да мүгедектіктен тұрып кетпеді,олардың жариялымды теріске шығаруды талап еткенінен! Мұндай қалай ұятсыз болуға болады?! -деп Алтын Дүйсенова ренішін білдіреді.

Дүйсенбі, 18 ақпан күні әйел облыс прокуратурасына шағымданды. Ол қадағалау органын жұмыспен қамту басқармасының басшыларын жауапкершілікке тартуды сұрайды.

Мария Драчева

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2026-10-14
Утром12.15 ℃
Днем21.99 ℃
Вечером15.03 ℃
Ночью13.49 ℃
Влажность37 %
ДавлениеhPa 1029
Скорость ветра4.27 м/с
2026-10-15
Утром14.43 ℃
Днем21.44 ℃
Вечером16.26 ℃
Ночью13.64 ℃
Влажность46 %
ДавлениеhPa 1028
Скорость ветра4.53 м/с