Оралда тұрғын үйдің кіреберісінде қосалқы бөлмеде өрт шықты (БЕЙНЕ)
Өткен жексенбіде 5 қабатты тұрғын үйдің қосалқы бөлмесінде электр сымдарының жануы орын алды. Тұрғындардың айтуынша сымдарға 40 жылдан астам уақыт болған. Олардың ұшқындауы алғаш рет емес.
Оқиға 17 ақпанда кешкі сағат 9-да Локомотивная көшесі, 47/1 көшесінде орын алған. Тұрғындардың айтуынша, түтін барлық кіре беріске таралып, пәтерлерге кіргеннен соң, ТЖ қызметіне қоңырау шалып, оларды көшіре бастаған. Бақытымызға орай зардап шеккендер болған жоқ, бірақ зейнеткерлік жастағы адамдарға қиын болды, көптеген адамдар түтін жұтып, олардың көңіл-күйіне нашар әсер етті.

Фотосуреттерді БҚО ТЖД қызметі ұсынды.

Қосалқы үй-жайда 5 ш. м. көлемінде қоқыс пен электросым өртенді. 26 адам жедел көшірілді, оның ішінде 1 бала бар. Өрт сағат 21.30-да оқшауланды, сағат 21.40-та жойылды. 23 өрт сөндіруші және 8 машина шықты. Зардап шеккендер жоқ. Кінәлі тұлғалар мен себебі анықталуда, деп хабарлайды БҚО ТЖД баспасөз қызметі.
Үй тұрғыны Алексейдің айтуынша, қосалқы үй-жайда күлімсі иіс алғаш рет шығып тұрған жоқ, бірақ ПИК бұл иістің себептерін жою бойынша ешқандай іс-қимыл жасамаған.
— Мен өз балаларымен далаға жүгіріп шықтым, оларды көлікке отырғыздым да алып кеттім. Кешкі сағат 11-де, түтін иісі кетті-ау деген кезде келсем, үйде газ бен жарықты айырып тастаған. Бұрын да, осы қосалқы үй-жайдың қасынан өткен кезде күйген иіс сезілетін, — дейді бес қабатты үйдің тұрғыны Алексей.
ПИК «Жалын» өрт 40 жылдан астам уақыттан бері тозған сымдардың салдарынан болды, ал үйдің жай-күйін тексеру тұрақты жүргізіледі, дейді
— 1975 жылғы сымдар мұндай жүктемелерге арналмаған, бұрын көптеген энергияны тұтынатын микротолқынды және басқа да заманауи техника болған жоқ. Коммуникациялар мен құбырлар үйдің еденінің астында өтеді, кабельдің жануы аса қорқынышты емес, — дейді «Жалын»ПИК төрағасы Людмила Силантьева.
Оның айтуынша, олар жылытуды нығыздамайынша, пәтерге бу бармайынша, олар сымдарда зақымданудың бар-жоғын анықтай алмайды. Егер тұрғындар өз өмірлерінен қорықса, күрделі жөндеуге келіссін және ТКШ жаңғырту бағдарламасына кірсін.
— Бірақ олар жаңғырту бағдарламасына кіргісі келмейді,және барлық тұрғындардың келісімі қажет. Біз осы бағдарлама бойынша 13 үйді жөндеуден өткіздік, — деді Людмила.
Бірақ тұрғындар керісінше айтады. Көршілес тұрған үйлерде күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді, бірақ нәтижесінде шатыр қайтадан құлады. Сапасыз жөндеу үшін тұрғындар ақша төлеуге құлықты емес.
Маргарита Зябчук
Бейне: Ерсін Мерханов
