«Ұрып-соғып, сосын лақтырып жіберді» — Орал ІІБ-нің терезесінен құлаған белсендінің әкесі (БЕЙНЕ)

Орал қалалық полиция бөлімінің үшінші қабатынан құлағаннан кейін жан сақтау бөліміне түскен 43 жастағы белсенді Әлібек Ерғазиевтің әкесі полиция нұсқасына сенбейді. Ол ұлын алдымен ұрып, содан кейін терезеден лақтырды деп санайды.

Тілек Ергазиев, 18 ақпан 2019

– Менің ұлым қалалық ішкі істер бөлімінің терезесінен секіріп кеткеніне сенбеймін, онда үшінші қабат. Егер ол өз-өзіне қол жұмсамақ болса,онда ол өз үйінің сегізінші қабатынан секірер еді. Мен, әкесі ретінде, оны ұрып-соғып содан кейін лақтырып жіберді деп ойлаймын, – дейді азаматтық белсенді Әлібек Ерғазиевтің әкесі Тілек Ерғазиев.

Қазір әкесінің айтуынша, Әлібек жан сақтау бөлімінде жатыр, оған үшінші күн туыстарын кіргізбейді. Медиктердің айтуынша, ата-аналар Әлібектің жағдайының ауыр екенін біледі.

— Оның төрт қабырғасы сынған, бұғана мен жауырыны сынған. Бауыры зақымдалған. Бұл әзірге тек медиктерден білгеніміз. Бүгін Әлібекке тағы да тексеру жүргізуге уәде берді. Нәтижесін кешке білетін болармыз, – дейді Тілек Ерғазиев.

Әлібектің палатасына бірнеше рет белгісіз адамдар өтуге тырысқан. Мұны үнемі ауруханада отырған туыстары көрген.

– Қазір маған Әлібектің әйелі, келінім қоңырау шалып, оның палатасына штатша киінген бірнеше адам өтуге тырысты деді. Алдымен келінім әкімдіктен болар деп ойлаған. Содан кейін оған бұлардың полициядан екенін айтқан. Менің ойымша, оларды ол жерге жіберуге болмайды, олар ұлыма бірдеңе жасап тастауы мүмкін,-дейді Тілек Ерғазиев.

Орал полициясы ұстаған белсенді жан сақтау бөліміне түсті. Алдын ала болжам — ІІБ-ның үшінші қабатындағы терезеден құлап кетті

Қазір Әлібектің туған-туыстары қайда баратынын және не істеу керектігін білмейді. Әлібектің әкесі мойындап отырғандай, жергілікті азаматтық белсенділер прокуратураға жүгініп, арыз жазуды ұсынған. Сондай-ақ, туған-туыстары оларға заң көмегі қажет екеніне сенімді.

— Біз бұған дейін мұндай жағдайға тап болған жоқпыз. Көп рахмет, адамдар көмектесуде. Прокуратураға бару керектігін айтты. Прокурордың қабылдауында болдық, тергеу жүргізуге уәде берді. Бірақ мен бұл іспен жергіліктілердің айналысқанын қаламаймын, олар өз-өздерін тексере алмайды. Тәуелсіз топтың келгенін қалаймын. Мысалы, Астанадан, – дейді Тілек Ерғазиев.

Әлібек Серғазиев ІІБ-ның үшінші қабатының терезесінен құлап кеткеннен кейін қалалық аурухананың реанимациясына түсті. Облыс әкімі Алтай Көлгіновтің есеп беру кездесуі күні азаматтық белсендіні қалалық полиция бөліміне жеткізді. Әлібектің ұсталу себебін туыстары білмейді. Алайда, полиция қызметкерлері белсендіні Көлгіновтің аймақ халқымен кездесуіне қатыстырмау үшін әдейі қалалық бөлімге алып кетті деп болжайды.

Естеріңізге сала кетейік, 16 ақпан күні БҚО әкімі Көлгіновтің есеп беру кездесуінде бірнеше белсенділер ұсталды.

Екі күн бұрын Орал қаласының әкімі Мұрат Мұқаев қала тұрғындарымен кездескен кезде, Әлібек Ерғазиевті тәртіп сақшылары іс-шара өтіп жатқанда ұстады. Әлібекті залдан күштеп шығарып әкімге сұрақ қоюына мұрша бермеді. Сол күні Әлібекті ІІБ-не апарып, үш сағат бойына ұстаған. Полиция хабарлағандай, Ерғазиев қоғамдық тәртіп пен бұзақылық жасағаны үшін ұсталды.

Орал әкімінің есеп беруінде полиция екі азаматты ұстады (БЕЙНЕ)

БҚО әкімінің есеп беру кездесуінде блогер ұсталды

Орал әкімдігі блогерге бейне жазба үшін үшін қылмыстық іспен қорқытты

— Ол орнынан тұрып, қасында отырған кездесуге қатысушыларды итеріп, балағаттап, қоғамдық тәртіп пен тыныштықты бұзған. ҚР ӘҚБтК 434-бабында «мәдени — көпшілік ойын-сауық іс-шараларында тәртіп бұзушылық»бабында қарастырылған ұсақ бұзақылық жасағаны үшін Әлібек Ерғазиевке қатысты материал мамандандырылған әкімшілік сотқа жолданды, – деп хабарлады өз жауабында полиция департаментінің баспасөз хатшысы Кәмшат Рахым.

Бірақ сол кезде әкім Мұқаевтің кездесуінде болған адамдар Әлібек Серғазиев ұрыспады, төбелеспеді және тәртіп бұзбады дейді.

— Ол орнынан тұрып, плакатты ашуға тырысты. Тек үлгермеді, оны бірден бірнеше полиция қызметкерлері ұстап, залдан алып кетті, — дейді сол кезде залда болған Асқар Шайғұмаров.

Мария Мельникова

бейне: Нұрлыбек Емранов

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

Authorization
*
*
Registration
*
*
*
A password has not been entered
*

one × 2 =

x
2023-09-29
Утром10.93 ℃
Днем19.64 ℃
Вечером17.69 ℃
Ночью16.36 ℃
Влажность34 %
ДавлениеhPa 1020
Скорость ветра5.91 м/с
2023-09-30
Утром11.31 ℃
Днем19.09 ℃
Вечером16.82 ℃
Ночью13.6 ℃
Влажность39 %
ДавлениеhPa 1020
Скорость ветра5.32 м/с