«Құжаттарды қайтарғым келді» — блогер БҚО әкімінің есеп беру кездесуінде ұсталғаны туралы

Блогер Айболат Бөкенов әкім Көлгінов берген құжаттарды қайтарып беруге келді. Бірақ өңір басшысымен кездесе алмады — іс-шараға кіре берісте оны полицейлер ұстады.

Айболат Бөкенов Орал ІІБ-нен шыққаннан кейін. 16 ақпан 2019 жыл

– 2016 жылы өңірдің өмірі туралы әлеуметтік желілердегі менің сыни мақалаларым сериясынан кейін мені кездесуге Алтай Көлгінов шақырды. Сол кезде ол Орал қаласының әкімі еді. Менің жұмыссыз жүргенімді біліп, ол маған көмектесуге уәде берді. 2016 жылдың 30 желтоқсанында әкімнің кеңесшісі (ол сол кезде облыс әкімі болды) Жарқын маған көліктің кілті мен құжаттарын тапсырды, – деді блогер Бөкенов «ОА» тілшісіне.

Айболат Бөкеновтің 2016 жылы желтоқсан айында аймақ билігінен алған көлігі.
Батыс Қазақстан облысының әкімдігі Айболат Бөкеновке берілген машинаның техникалық паспорты. Көлік иесін блогер әлі күнге дейін білмейді.

Билік берген» Ладе Приора «көлігімен Айболатқа таксилетіп ақша табу ұсынылды. Бұл сыншыл-блогердің негізгі табыс көзі болуы тиіс еді. Барлық жағынан, билік Facebook парақшасында қазақ тілді оқырмандар үшін жазатын Айболаттың осыдан кейін адал болатынына сенді.

-Менің кезекті жалпы өңірдегі жағдайды айтып, билікті сынаған бейне және әлеуметтік желілердегі жарияланым сериясынан кейін, менен машинаны қайтаруымды өтінді. Бірақ, мен оны қайтармағандықтан, оны күштеп тартып алды. Бұл қаңтар айында болды, мен мас күйімде көлік айдады деген сылтау тапты. Сол кезде мені 20 тәулікке қамауға алды, ал» Приораны » алып кетті, — деді Айболат Бөкенов.

16 ақпан күні Айболат әкім Көлгіновтің өңір тұрғындарымен кездесуіне арнайы келді. Бірақ іс-шараға блогер қатыса алмады. Шара өтетін оқушылар сарайының кіре берісінен екі метр қашықтықта оны тоқтатты.

БҚО әкімінің есеп беру кездесуінде блогерді ұстады.

– Маған штаттағы екі адам келді. Өздерін таныстырды, бірақ аттары есімде жоқ. Маған қалалық полиция бөліміне баруым керектігін айтты. Бірақ, не үшін, неге екенін айтпады – дейді «ОА» тілшісіне блогер.

Полиция көлігінің жанынан Бөкеновті бірнеше полиция қызметкері күтіп алып, олар блогерді қалалық ІІБ-ға жеткізді. Полицейлерді қала әкімі Мұрат Мұқаевтың есеп беру кездесуінде түсірілген «ОА»да жарияланған бейне жазба қызықтырды.

— Менімен қалалық бөлімшеде учаскелік полиция қызметкері Армат сөйлесті, фамилиясы есімде жоқ. Ол менен «Орал апталығы» сайтынан алған және Facebook бетінде жариялаған бейне туралы сұрады. Бұл менің бейнем емес деген түсінік жазуға тура келді, сол күні мен тіпті қалада болған жоқпын, — дейді Айболат Бөкенов.

ІІБ ғимаратында үш жарым сағат бойы түсініктеме жазып, Айболат Көлгіновпен кездесуге қатыса алмады. Полиция қызметкерлері оны қызметтік машинамен үйіне апарып тастады. Ол билік қайтарып алған машина құжаттарды қайтара алмады.

Біз, Бөкеновтың сөзінше, «Приора» көлігінің кілтін берген облыс әкімдігі аппараты басқармасының орынбасары Жарқын Жұмаділовке хабарластық. Біздің неге әкімдік блогерге машина берген деген сұраққа, Жарқын Жұмаділов жауап бермеді.

– Сізге Бөкеновтің өзі не деп жауап берді? Содан сұраңыз. Мен телефон арқылы жауап бермеймін, ресми сұрау жолдаңыздар. Менде түскі үзіліс уақыты, – деді Жарқын Жұмаділов.

Полиция департаментінің хабарлауынша, Айболат Бөкеновты 16 ақпанда ұстаған.

Ұсталған себебі әлеуметтік желілердегі жарияланымдар. Алайда полиция департаментінің баспасөз қызметінде қандай жарияланым туралы сөз болып жатқанын айтқан жоқ.

Естеріңізге сала кетейік, 16 ақпан күні облыс әкімі Алтай Көлгіновтің есеп беру күні қаланың бірнеше азаматтық белсенділерін ұстады. Сол күні ұсталған Әлібек Ерғазиев ауыр жарақатпен қалалық ауруханаға жеткізілді. Екі күннен кейін Әлібектің жағдайы нашарлап кетті, ол әлі күнге дейін жансақтау бөлімінде, оған туыстары жіберілмей отыр.

Тағы бір азаматтық белсенді Мақсат Айсаутов үш тәулікке қамауға алынды.

Мария Мельникова

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам.
В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать – перейдите вот сюда

Можно поддержать нас и через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2021-05-09
Утром15.49 ℃
Днем22.22 ℃
Вечером23.5 ℃
Ночью18.02 ℃
Влажность39 %
ДавлениеhPa 1014
Скорость ветра5.73 м/с
2021-05-10
Утром14.74 ℃
Днем24.95 ℃
Вечером23.99 ℃
Ночью19.81 ℃
Влажность31 %
ДавлениеhPa 1016
Скорость ветра7.5 м/с