«Терезені ашты да, секіріп кетті» — полиция белсендінің Орал қалалық полиция бөлімінің үшінші қабатынан құлауы туралы

Орал полициясы Әлібек Ерғазиевтің үшінші қабаттан құлауына қатысы бар екендігін толық жоққа шығарды. Полицейлердің болжамы бойынша, әкімшілік хаттамаға қол қойғысы келмеген белсендінің өзі қалалық бөлімнің терезесінен секірді.

Әлібек Ерғазиев 13 ақпан ұсталу кезінде

— Әлібек Ерғазиев 16 ақпанда көшеде ұсталды. ҚР ӘҚБтК-нің 434 бабы «ұсақ бұзақылық» бойынша хаттама толтыру үшін қалалық бөлімге жеткізілді. Екі күн бұрын қала әкімі Мұрат Мұқаевтың есеп беру кездесуінде Ерғазиев қоғамдық тәртіпті бұзды — ол шулап, айқайлап, кездесуге келген адамдарды итеріп жіберді. Бұл хаттама жасауға себеп болды, – деді брифинг барысында Орал полиция басқармасының бастығы Мерлан Айкенов.

Орал әкімінің есептік кездесуінде полиция екі азаматты тұтқындады (БЕЙНЕ)

Орал полициясына қолға түскен белсенді жан сақтау бөліміне түсті. Алдын ала болжам — ІІБ-ның үшінші қабатындағы терезеден құлап кетті

Брифингке бізді сайтта «Ұрып-соғып, сосын лақтырып жіберді — Орал ІІБ-нің терезесінен құлаған белсендінің әкесі» деген материал шыққаннан кейін шақырды. Осы уақытқа дейін полицияның баспасөз қызметі бізге ресми ақпарат жібергеніне қарамастан, бізді жеке кездесуге қалалық полиция бастығы шақырды.

– Хаттама жасалғаннан кейін Ерғазиев оған қол қоюы тиіс еді. Бірақ ол тағылған баппен және айыптармен келіспеді. Сондықтан ол терезені ашып, секіріп кетті, – деді Мерлан Айкенов.

Осы уақытта полиция қызметкерлері не істегенін, неге олар Әлібекке үшінші қабаттан секіруге кедергі келтірмегенін, туралы білгіміз келген заңды сұраққа, қалалық полицияның бастығы «полиция қызметкерінің кінәсін » мойындады.

– Иә, мен біздің қызметкер оның құлауына жол бергенін мойындаймын. Бұл жөнінде қазір тексеру жүргізілуде. Оның қорытындыларынан кейін біз сіздерге нәтижелері туралы хабарлайтын боламыз, – деп уәде берді Айкенов.

«Неліктен полиция қызметкерлері 13 ақпан күні хаттама жасамаған, Әлібекті әкім Мұқаевтің есеп беру кездесуінде ұстаған күні? Неге оны бөлімшеге қайта әкелу керек болды»- деп біз қалалық полиция бастығынан сұрадық.

— Алғашқы ұсталған күні, 13-де, барлық полицейлер күшейтілген түрде болды, себебі қала әкімінің есеп беру кездесуі өтті. Оларда хаттама жасауға уақыт болған жоқ. Бірақ Ерғазиевке шақырту берілді. Ол ұстағаннан кейін келесі күні келуге тиіс еді. Бірақ ол келмеді, – деп түсіндірді Мерлан Айкенов.

16 ақпан күні өңір басшысы Алтай Көлгіновтің есеп беру кездесуінде полицейлердің жұмысы аз болған секілді. Өйткені, Әлібек Ерғазиевті көшеде кездестіріп, оны бірден қалалық бөлімге жеткізді. Және тіпті хаттама жасау үшін уақыт табылды.

Бірақ хаттаманы тапсырып, Әлібек Ерғазиевті әкімшілік сотқа апара алмады-белсенді терезеден құлап кетті. Оның орнына құқық қорғау органдарының қызметкерлері Әлібекті ауруханаға апаруға тура келді. Онда дәрігерлер шұғыл түрде оны жан сақтау бөліміне жатқызған.

Мария Мельникова

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

Authorization
*
*
Registration
*
*
*
A password has not been entered
*

six − two =

x
2023-09-29
Утром10.93 ℃
Днем19.64 ℃
Вечером17.69 ℃
Ночью16.36 ℃
Влажность34 %
ДавлениеhPa 1020
Скорость ветра5.91 м/с
2023-09-30
Утром11.31 ℃
Днем19.09 ℃
Вечером16.82 ℃
Ночью13.6 ℃
Влажность39 %
ДавлениеhPa 1020
Скорость ветра5.32 м/с