Орал қаласындағы № 8 мамандандырылған мектептің қосымша құрылысы апатты деп танылды

9 ақпанда мұндай қорытындыға мектепке жапсарлас салынған ғимаратта техникалық комиссия өткізген тәуелсіз сарапшылар келді.

Мектептің бір бөлігін апатты жағдайда деген хабарландыруды оқушылардың ата-аналары мазасызданып қабылдады. Себебі мектеп басшылығы бастауыш буын оқушыларын №4 мектепке (1-ден 4-сыныпқа дейін) ауыстыру жағын қарастырды. Өйткені кіші сыныптар апатты ғимаратта орналасқан. Ата-аналар олардың балаларына оқу жылының ортасында басқа мектепке ауысуға тура келетініне келіспейді.

— Басқа мектепке көшу біздің балаларымыздың білім сапасына әсер етеді және жалпы, неге бізге тек қазір қосымша құрылыс апаттық жағдайда екенін айтады,- дейді оқушылардың бірінің әжесі Юлия Темерецкая.

Ал басқа оқушының анасы балаларды басқа жаққа ауыстырудың себебі басқа деп санайды.

-Біздің мектепті лицейді жасап, оқушыларды тек қана бесінші сыныптан қабылдағысы келеді. Бастауыш буын балаларын сондықтан да басқа мектепке көшіргісі келеді, — дейді оқушылардың бірінің анасы Әлия Құтубаева.

№8 мектеп мамандандырылған мектеп, бастауыш сыныптарда 318 бала оқиды.

Мектеп директоры Анаргүл Қаржауованың айтуынша, ғимарат 1952 жылы салынып, 1953 жылы пайдалануға берілді. Мектеп барлық нормаларды сақтай отырып, дұрыс салынған. Ал жапсарлас құрылыстың іргетасы отыра бастаған. Жөндеу уақыты үш айдан асады.

— Біз ата — аналарға екі нұсқаны ұсынамыз-біздің мектепті үш ауысымды, алты күндік оқытуға көшу немесе №4 ЖОМ-ке жөндеу кезінде бастауыш сынып оқушыларын ауыстыру. Біз ата – аналармен бірге ең оңтайлы шешім қабылдауымыз керек, – деді Анаргүл Қаржауова.

«ОА» журналистері облыстық білім бөлімінің басшысы Шолпан Қадыроваға жүгінді.

– Қалыптасқан жағдайды біз оқушылардың ата-аналарымен, ең оңтайлы және барлық қолайлы тәсілмен шешеміз. Әңгіме диалог түрінде болуы керек, ол ата – аналар комитеттері кіретін қамқоршылық кеңесінің жиналысында өтеді, – деді Шолпан Қадырова.

Қамқоршылық кеңесінің мектеп басшылығымен және білім беру бөлімінің басшысымен бірлескен кездесуінде жиналғандар өз пікірлерін айтып, сұрақтар қойды. Ымыраға келіп тарасты.

– Мектептің сол жақ блогы апатты деп танылғандықтан, оған жөндеу жұмыстарын жүргізу қажет. Бірақ оны орындау заңға сәйкес белгілі бір рәсімдерді талап етеді. Жобалық сметалық құжаттаманы, сараптама жасау керек, содан кейін тендер өткізіледі және жөндеу жасайтын ұйым анықталады. Осының барлығына көп уақыт кетеді,- деді Шолпан Қадырова жиналыста.

Қадырованың айтуынша, олар өз мектебінде оқуын жалғастыратын болады. Бірақ үш ауысымда алты күндік оқытуға көшеді. Бастауыш сынып балаларын ауыстырғысы келеді, себебі мектепті лицей еткісі келіп отыр. Ал балаларды бірінші қыркүйектен бастап бірінші сыныпқа қабылдамайды екен. Бұл туралы бірде-бір бұйрық түскен жоқ.

Кездесу нәтижесінде жиналғандар өз ара түсінушілікпен тарасты.

Мария Драчева

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2024-06-18
Утром23.47 ℃
Днем35.81 ℃
Вечером26.12 ℃
Ночью26.99 ℃
Влажность29 %
ДавлениеhPa 1015
Скорость ветра10.21 м/с
2024-06-19
Утром20.43 ℃
Днем30.49 ℃
Вечером29.41 ℃
Ночью21.87 ℃
Влажность40 %
ДавлениеhPa 1011
Скорость ветра8 м/с