Күн жылығаннан кейін Жайықтан өлі балықтар қалқып шыға бастады
Өлі балықтарды Жайық жағасынан қайтадан жинай бастады! Жылынғаннан кейін жүздеген сазан мен алабұғаның өлексесі су бетіне қалқып шықты, деп хабарлайды КТК телеарнасы.

Қазір ведомствоаралық комиссияның қызметкерлері жұмыс істеуде. Бір-екі күннің ішінде 30 килограмм өлі балық жинады. Мамандар оның Каспийге түсуінен қауіптеніп отыр. Өлексенің сынамасы химиялық және биологиялық сараптамаға жіберілді. Нәтижесі қашан болатыны белгісіз. Естеріңізге сала кетейік, балықтардың жаппай қырылуы өткен жылдың соңында орын алған. Жүз тоннаға жуық балық, оның ішінде құнды тұқымды балықтар қырылып қалды. Алдын ала болжам бойынша, суға аммиак түскен. Сондай-ақ хлоридтің нормалары рұқсат етілген шектен асып кеткен. Кінәлі адамдар әлі іздестірілуде.
Артур Сәдібекұлы, Атырау облысы балық шаруашылығы басқармасының бастығы: Өлексе мен судың сынамасы сараптамаға жіберілді. Суда өлі балық жоқ. Олардың бәрі жағаға қалқып шықты. Бірақ міне,өздеріңіз көріп отырғандай бәрін жинап алдық. Барлық нәтижелер жарияланатын болады.