Автобус пен жүк көлігінің соқтығысуынан БҚО-ның 12 оқушысы зардап шекті
Орал-Атырау трассасында жол-көлік оқиғасының егжей-тегжейі белгілі болды. Түрлі жарақаттары бар тоғыз бала ауруханаларда қалады. Үшеуі үйде емделеді.

15 оқушы-спортшы Атырауға ұлттық күрес түрі — «қазақша күрес» жарысына қатысу үшін бара жатқан. 26 ақпанда 43 жолаушысы бар автобус қарсы бағытқа шығып кетіп, жүк машинасымен соқтығысқан. ЖКО салдарынан үш адам қаза тауып, 20 адам жарақат алды.
— Жамбастың сынуы, мидың соғылуы, бір баланың төбе сүйегінің сынуы,қабырғалардың сынуы бар. Бізде стационарда бір баланың қабырғасының сынуы бар, ішінара өкпеге ауа я азот жіберіп ем алуда. Қазір амбулаторлық емделуде жатқан үш баланың беттерінде, денелерінде өмірлеріне қауіп төндірмейтін жарақаттары бар,-дейді дәрігер-травматолог Сергей Хван. Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлайды.
Батыс Қазақстан автобус паркінің басшылығы әзірге оқиғаға түсініктеме беруден бас тартуда.
-Қазір жерлеуді өткізудеміз. Автопарк басшысы осы жол –көлік оқиғасының мән-жайын анықтау үшін Атырауға аттанды, — деп хабарлады автобус паркі басшысының орынбасары Данияр Мұхтаров.
Естеріңізге сала кетейік, 26 ақпан күні Оралдан Атырауға барған автобус жүк көлігімен соқтығысты. Үш адам қаза тауып, 20 адам жарақат алды. БҚО-ның 15 оқушысы жол-көлік оқиғасы кезінде автобуста болған.
Маргарита Зябчук
