Жаңаөзенде Азаттықтың журналистері ұсталды

Жаңаөзен қаласында кәсіби міндеттерін орындау барысында бүгін күндіз Азаттық тілші Сания Тойкен мен бейнеоператор Санат Нұрбек ұсталды, деп хабарлайды Азаттық радиосы.

Полиция арнайы бөлімшесінің қызметкерлері, Тойкен хабарлағандай, оны ұстауды күш қолдану арқылы жүргізген, журналистердің атына арыз түскенін мәлімдеген. Сәния Тойкен мен Санат Нұрбекті полицияның қызметтік автокөлігіне салып,содан кейін екеуін де Жаңаөзеннен бір жарым сағат жердегі Ақтау қаласындағы облыстық полиция департаментіне жеткізген.

Тойкен мен Нұрбек, Жаңаөзен қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі орналасқан Неке қию сарайының алдында жаңаөзендіктердің жұмысқа орналастыруды талап еткен алаңда ұсталды.

Ақтауда полиция департаментінен Сәния Тойкен қазіргі уақытта тергеуші Назарбай Жанбаевтың кабинетінде отырғанын хабарлады. Оператор Санат Нұрбек басқа тергеушіде.

Журналистердің ұсталуы туралы редакцияға Жаңаөзен тұрғыны хабарлады. Оның айтуынша, соңғы бірнеше күн ішінде қалада коменданттық сағат жарияланып, ондаған тұрғыны ұсталған.

Маңғыстау облысының полиция департаментінде журналистердің ұсталуына ешқандай түсініктеме берген жоқ.

Жаңаөзен қаласының тұрғындары 9 ақпаннан бастап жергілікті биліктен жұмысқа орналасуды талап етіп, митингтер өткізуде. Олар күштік органдардың қызметкерлері тарапынан қудалауға ұшырағанын айтады. Олар жұмыспен қамту бөлімінің алдына жиналады. Тойкен оның аумағы полициямен қоршалып тұрғанын айтты.

Маңғыстау облысының әкімдігі сейсенбі күні Жаңаөзенге әскерді кіргізу туралы хабарламаны теріске шығарған мәлімдеме таратты. Жаңаөзен қаласы әкімдігінің мәлімдемесінде жағдай «тыныш»деп сипатталған.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2025-12-13
Утром0.19 ℃
Днем0.71 ℃
Вечером0.22 ℃
Ночью-3.38 ℃
Влажность98 %
ДавлениеhPa 993
Скорость ветра7.95 м/с
2025-12-14
Утром-7.98 ℃
Днем-8.88 ℃
Вечером-10.36 ℃
Ночью-9.92 ℃
Влажность86 %
ДавлениеhPa 996
Скорость ветра13.3 м/с