Оралда бұзылған аппараттың салдарынан 400-ге жуық онкологиялық науқас ем алған жоқ

Орал онкологиялық орталығында сәулелі терапия аппараты жыл бойы жұмыс істемейді. Сонымен қатар, құралдың жиынтықтаушы бөлшектерінің бірі жақында сот талқылауына себеп болды.

Онкоорталықтың физигі Максим Буштер қылмыстық іс үшін себеп болған коллиматорды көрсетуде.

Әңгіме құны 1 млрд теңгеден асатын сәулелі терапия аппараты туралы болып отыр. Оны 2011 жылы Орал онкодиспансері үшін сатып алды,ал 2015 жылы коллиматор – сау жасаушаларға тимей, тек қатерлі ісік жасушаларды сәулелендіруге мүмкіндік беретін арнайы қондырма сатып алуға шешім қабылдады.

Коллиматор бюджетке 200 млн теңгеге жуық қаржыға түсті. Бұл дерек қылмыстық іс пен сот үшін себеп болды. Аспаптың сынуы себеп емес (ол қазір техникалық жөнделген), оның жұмысындағы жаңылыс себеп болды. Бұл жағдай коллиматорды сатып алғаннан кейін бір жылдан кейін анықталды.

Қылмыстық іс қарау барысында Орал онкоорталығының жаңа бөлшегінің орнына бұрын пайдалануда болған коллиматор сатқаны белгілі болды. Ал жаңылыс аспапқа бағдарламалық қамтамасыз етудің демо-нұсқасымен түсіндірілген, ол туралы дәрігерлерді жеткізуші хабардар етпеген.

Қазір, коллиматор сатып алғаннан кейін үш жыл өткен соң, сотта осы тендердің егжей-тегжейі ашылды. 2015 жылы БҚО денсаулық сақтау басқармасы көпжапырақты коллиматорды сатып алуға тендер жариялады. Ұтыс ойынының нәтижесі бойынша, лот Шығыс Қазақстанның «Квант-Семей»фирмасы жеңіп алды. Фирма директоры Ерлан Бейсембаев Орал онкоорталығына бұрын қолданылған құрал-жабдықты жаңа кейпінде жеткізді. Бірақ тендерлік комиссия ол үшін 199,5 миллион теңге төледі.

Бұл факті бойынша қылмыстық іс 2018 жылы қозғалды. Ал 2019 жылдың басында, екі апта бұрын сот сотталушыға қатысты үкім жариялады. Орал қалалық сотының үкімімен Ерлан Бейсембаев алаяқтық жасағаны үшін 5,5 жылға бас бостандығынан айырылды. Сондай-ақ, судья Гүлнәр Гимадутдинова оны Орал қаласының онкологиялық орталығына 199,5 миллион теңге төлеуге міндеттеді.

Сонымен қатар, судья денсаулық сақтау басқармасына қатысты жеке қаулы шығарды. Сот облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшылығына тендерлік құжаттарды тиісті дәрежеде зерделемегені үшін нұсқау берді. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының бастығы Нұрданат Беркинғалиға судья Гимадутдинова тендерлік құжаттарды мұқият зерделеуді ұсынды.

Тергеу жұмыстары онкодиспансердің бұрынғы директоры Есенгелді Рыбаевқа қатысты да жүргізілді. Бірақ уақыттың өткеніне байланысты іс жабылды.

Кінәлі тұлғаның анықталып, жазалануына қарамастан, сәулелік терапия аппараты бір жылдың үстінде тоқтап тұр. Бір жыл бұрын сәулелі терапия аппаратының өзі істен шықты.

Мария Мельникова

Бейне: Нұрлыбек Емранов

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2025-05-23
Утром14.6 ℃
Днем18.62 ℃
Вечером20.14 ℃
Ночью14.15 ℃
Влажность52 %
ДавлениеhPa 1018
Скорость ветра6.35 м/с
2025-05-24
Утром11.74 ℃
Днем19.59 ℃
Вечером18.79 ℃
Ночью13.45 ℃
Влажность39 %
ДавлениеhPa 1022
Скорость ветра6.83 м/с