БҚО-ның бірнеше тұрғыны боранға байланысты азық-түліксіз қалды

Бірқатар кенттер аудандық және облыстық орталықтардан үзіліп қалды. Адамдар азық-түлік сатып алу және қажет болған жағдайда ауруханаларға жету мүмкіндігінен айрылды. Боран салдарынан барлық кіреберіс жолдар қар астында қалды.

БҚО тұрғындары жіберген бейнеден скриншот.

Сыртқы әлемнен ажыраған кенттердің адамдары өздерінің өмірлеріне алаңдайды. Олар бізге жол жағдайын түзеуге көмек көрсету туралы хабарламалар жіберуде.

– Біз Төңкеріс ауылынанбыз. 5 күн бойы кенттен шығатын жол жоқ. Азық-түліксіз отырмыз. Шығатын жолдар жоқ. Орал-Ақсай тас жолына дейін қар жауып тастады. Кентте қарт адамдар мен жаңа туған балалар бар, — деді Теректі ауданы Төңкеріс ауылының жергілікті тұрғыны.

Жергілікті тұрғындар айтуынша, олар тас жолға дейін жаяу баруға мәжбүр.

– Теректі ауданының Төңкеріс ауылында тұрамын.Бір апта бұрын кентке келетін жолды жауып тастады. Орал-Ақсай тас жолына дейін 12 шақырым. Адамдар тас жолға дейін жаяу немесе атпен жетеді, бұл қауіпті, — дейді Төңкеріс ауылының тұрғыны Александр Фефелов.

Бесінші күні Ақтау, Амангелді, Шежін, Мереке, Атамекен, Оян ауылдық округтері қар астында.

-Бесінші күн Тасқала ауданының Шежін-2, Мереке кенттеріне дейін жол жоқ. Адамдар 25 шақырым жаяу жүреді, – деді Тасқала ауданының жергілікті тұрғыны.

Жергілікті маңызы бар жолдарды күтіп ұстауға көп ақша бөлінеді, ал нәтижесі ешқандай дейді наразы кент тұрғындары.

Біз автомобиль жолдары басқармасының басшылығынан осы кенттердің жолдарындағы жағдай қандай екенін білуді шештік.

— Бүгінгі күнге дейін боран болды. Жолға 3 бірлік техника шықты: Қарроторы, К-700 қиғаш күрекпен және К-700 бұрышты күрекпен. Қазір тазарта алмай жатырған 15 шақырымдай жол қалды. Бірақ кешке дейін біз бітіреміз, – деді облыстық автомобиль жолдары басқармасы басшысының орынбасары Бауыржан Айтмағанбетов.

Маргарита ЗЯБЧУК

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2025-03-23
Утром1.87 ℃
Днем5.02 ℃
Вечером5.17 ℃
Ночью0.45 ℃
Влажность58 %
ДавлениеhPa 1033
Скорость ветра5.59 м/с
2025-03-24
Утром-1.94 ℃
Днем6.22 ℃
Вечером6.81 ℃
Ночью2.74 ℃
Влажность35 %
ДавлениеhPa 1035
Скорость ветра5.19 м/с