Жол-көлік оқиғасынан жарақат алған спорт мектебі балаларының ата-аналары балаларының денсаулығына келтірілген зиянның орнын толтыруды талап етуде
Спорт мектебінің басшылығы балалар зардап шеккен сапарға келісім берген жоқ, — бұл олардың ата-аналарының спорт басқармасының өкілдерімен кездесуінде анықталды. Алайда ата-аналар балалардың жарақатына жауапкершілік тек қазақша күрес секциясының жаттықтырушысына жүктелмеуі тиіс деп санайды.

4 наурызда ата-аналар облыстық спорт орталығының басшылығымен екінші рет кездесуге келді. Олардың басты мәселесі-апаттан зардап шеккен балаларды емдеу және оңалту шығындарын кім өтейтін болды. Бірінші кездесу 1наурызда болды.
Апаттан кейін үш баланың жарақаттануы өте ауыр болды.Қалалық спорт басшысы Азамат Нұрмұханбетов атап өткендей, бұл үш бала әлі үйде оқытылады.
26 ақпан күні Оралдан Атырауға бағыт алған автобус жүк көлігімен соқтығысты. Автобуста Атырауға қазақша күрестен жарысқа бара жатқан15 бала болған. 12 бала түрлі дәрежедегі жарақат алды.
Арсен Болаттың аяғы мен жамбасының сынуы. Нұрдәулет Салауаттың төбе сүйегінің жарылуы. Ержас Мағзоновтың қабырғаларының шығуы.
— Оның еңбегі жарылған, тесіп кетуге шақ қалған,жаншып тастамағанына шүкір . Жүк машинасы соғылғанда баламның басына ұшқан темір келіп соғылған ,- деді зардап шеккен Нұрдәулеттің анасы Әсел.
Біз Болат Есетовтан оның немересі Арсеннің жағдайы туралы сұрадық.

– Арсенге ота сәтті жасалды. Аяққа салынған пластина тек алты айдан кейін алынады. Қазір ол жатыр, сондықтан да мектептегі сабақтар туралы айту әлі ерте, – деді Болат Есетов, зардап шеккен Арсеннің атасы.
Ата-аналар кездесуде облыстық спорт басқармасының басшылығы зардап шеккен балалар үшін жауапкершілікті жүктеген жаттықтырушыға араша түсті.

– Балалар күнтізбелік жоспарға сәйкес барған кезде, олар толығымен ақшамен қамтамасыз етіледі. Қазақстан чемпионаты, қалалық чемпионат сияқты негізгі жарыстарға біз ақша бөлеміз, және күнтізбелік жоспарда олар бар. Ал бұл жоспардан тыс сапар болды, — деп хабарлады облыстық спорт басқармасының басшысы Әсия Аманбаева.
Оның сөзін қалалық спорт бөлімінің басшысы Азамат Нұрмұханбетов растады.
– Турнир күнтізбелік жоспарға енбеген, себебі негізгі іс-шара болған жоқ.
Бізде спорттық-сауықтыру басқармасының клубы бар, бізде оқу-жаттығу тобы жоқ. Сондықтан, іссапарды қаржыландыру сессиядан кейін бөлінеді, егер тек ақша қалса, олар турнирлерге бара алады. Жаттықтырушы спорт мектебінің басшысына сапар туралы ақпарат берді, бірақ ол оған келісім берген жоқ, — деп түсіндірді Азамат Нұрмұханбетов.
Ата — аналар қалалық спорт басшылығынан: -Неге спорт клуб балалар үшін көлікке тапсырыс бермеді?-деп сұрады
— Бізде өкілеттілік жоқ. Бұйрықсыз біз өз қаражатымызға оқушыларды көлікпен қамтамасыз етіп, сапарға ақша бөле алмаймыз. Іссапарға жіберу үшін хат жазуға бұйрық және ресімделген іссапар парағы болу керек. Тіпті мұны жазуға мүмкіндік те болмады, – деп жауап берді Азамат Нұрмұханбетов.
Қалалық спорт бөлімінің басшылығы ата-аналарға материалдық көмек пен шығындарды төлеу үшін растайтын құжаттарды жинау керектігін айтты. Кейін, заңға сәйкес, бәрін жол-көлік оқиғасына кінәлі адам төлейтін болады.
– Жол-көлік оқиғасына кінәлі адам анықталғаннан кейін, материалдық мәселе сотқа жетпей, ерікті түрде шешілуі мүмкін. Басқа жағдайда талап арыз бере аласыз. Әкімдік істі сотқа жеткізбеу және шығынды өтеу мәселесін шешу үшін қосылады, — деді Азамат Нұрмұханбетов.
Нұрдәулеттің анасы автобус паркінің басшылығына наразылық білдірді.
— Бір балаға ақша бердіңіз, бірақ бұл жатып жатқан бала үшін аз. Сіз маған арнайы ешқандай ақша бермедіңіз. Мен Атырауға өз автокөлігіммен бардым. Онда менің балама тегін көмек көрсетті. Мен баламды тексерту үшін Ресейге апарамын, сонда не әрбір чекпен сақтандыру компаниясына жүгіруім керек пе? Сіз бізді келекі етесіз бе?! Бізге не, сізбен соттасу керек пе? – деп айтып тастады Әсел.
Батыс Қазақстан автобус паркінің басшылығы зардап шеккендерге көмек көрсету туралы өз ұстанымын айтты.
— Біз көмектен бас тартпаймыз. Бірінші күні біздің бас директор алғашқы көмек көрсету үшін қайғылы орынға барды. Бірақ кез келген көмек біздің тарапымыздан сақтандыру шартына сәйкес көрсетілетін болады, — деп жауап берді Данияр Мұхтаров, Батыс Қазақстан автобус паркі бас директорының орынбасары.
Сондай-ақ тақырып бойынша:
Орал-Атырау тас жолында жол-көлік оқиғасынан зардап шеккен 12 спортшы үйлеріне оралды
Автобус пен жүк көлігінің соқтығысуынан БҚО-ның 12 оқушысы зардап шекті
Атырау тас жолында автобус пен жүк көлігі соқтығысқан автобуста Оралдан 15 оқушы болған (ФОТО, БЕЙНЕ)
Маргарита ЗЯБЧУК
Фото: Нұрлыбек ЕМРАНОВ