БҚО-да ауыл әкімдігінің мердігер алдындағы қарызы кісі жерлеудегі қиыншылыққа себеп болды
Мердігер Теректі ауданы Долинное ауылында қарды тазартуды бастады, бірақ жергілікті әкім оны орындалуы үшін ақы төлемей жұмысты тоқтатты.

Долинное ауылында бір отбасының туысы қайтыс болғанда, қардың көптігінен зиратқа жету мүмкін болмады. Туыстары марқұмның денесін жерлеуге шанамен алып барған. Қайтыс болған адамның отбасы жергілікті әкім Талғат Манатауовтан зиратқа дейін қарды тазалауды сұрағанда, ол: «Бізде техника жоқ, қар тазалау тендерін жеңіп алған жабдықтаушылар жоғалып кетті» деген.
«Орал аптасының» сайтында осы жағдай туралы жарияланғаннан кейін редакцияға «Кабаев»ЖК мердігерлік ұйымының директоры Амангелді Қабаев келді.Тендерді жеңіп алғандықтан, оның кәсіпорны кенттегі қарды тазалауы керек еді.
— Біз 15 ақпанда Долинное селолық округінің әкімдігімен қарды тазалауға келісім-шарт жасастық, оның жалпы сомасы 980 мың теңге. Шартта орындалған жұмыстардың көлемі, арнайы техниканың жұмысы бойынша сағаттық төлем көрсетілмеген. Мұндай жағдайда «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңға сәйкес мердігер өнім берушімен келісім бойынша шарттың осы тармақтарын өзі анықтайды, — деді «Кабаев»ЖК директоры.
Қабаевтың айтуынша, олар кенттегі бес тонналық жүк тиегіштің қар тазалау бойынша жұмыс сағаты 20 мың теңге тұрады деп шешкен. Әкім тиісті құжаттарға қол қойған.
— 18 және 19 ақпанда біз кенттегі жұмыстарға кірістік. Біз он бір жарым сағат жұмыс істедік. 19 ақпан күні кешке жақын әкімнің өзі біздің жұмысымызды тоқтатып,осы кезеңде аяқталатынын айтты. Орындалған жұмыстар актісіне ол қол қойды, бірақ бізге ақша аудармады. «Бұл қаражат екінші жартыжылдыққа жоспарланған», – деді әкім. Нәтижесінде оның бүгінгі күні біздің алдымызға қарызы-230 мың теңге. Еңбек шарты бойынша қалған сағаттарды өтеу үшін бізге әкімінің өтінімі немесе жазбаша сұрау керек. Біз онымен бұл туралы келіскенбіз. Бірақ ешқандай өтінім болған жоқ. Біз ешқайда жоғалып кеткен жоқпыз немесе қашып кеткен жоқпыз, бірінші жыл жұмыс жасауда емеспіз, бізге беделіміз маңызды. Біз шартта қарастырылған жұмыстарды орындауға дайынбыз, – деді Амангелді Қабаев.
Естеріңізге сала кетейік, жерлеу оқиғасы 5 наурызда Теректі ауданының Долинное ауылында орын алған.
Мария Драчева