Оралда қар шығару үшін жаңа полигон ашылды
Желаев тас жолы, Асан кенті және Телеорталық ауданындағы карьерлер қармен толы. Қазір Деркөл ауылында орналасқан жаңа полигон іске қосылды.

Бұл туралы «Жайық Таза қала» ЖШС жол-пайдалану кәсіпорнының директоры Қуат ЕРСАЙЫНОВ айтты.
—Биыл қар көп, оны әкетіп төгетін жер жоқ. Толуына байланысты үш полигонды жабуға тура келді. Қазіргі уақытта 1 ЖЖЖ ауданында Деркөл кентінде және Зачаганск кентінде Балауса ауданында жұмыс істейді. Қазір қарды Деркөл ауылындағы Объездная көшесінде орналасқан жаңа алтыншы полигонға шығаруды бастаймыз, – деп хабарлады Қуат Ерсайынов.
ЖЭК директорының айтуынша, олар қыстың келуімен әзірленетін белгілі бір жоспарға сүйеніп отырады.
– Бізде қала бойынша 35 көше бар. Қазір біз бұл көшелерді жинақтадық. Енді қарды кварталдарға бөліп жинаймыз. Қазір Күреней, Ет комбинаты, 2 жұмысшы ауданында жұмыс жүруде. Қазіргі уақытта қала орталығы мен Облыстық аурухана ауданындағы қарды тазалаудамыз, – дейді ол.

Оның айтуынша, қазір қала бойынша 255 бірлік техника мен 317 жұмысшы жұмыс істейді. Ауысымға 161 бірлік техника мен 30 жұмысшы жұмылдырылды. 20 бірлік вакуумдық техника еріген суды соруға жұмылдырылған.
– Өткен жылдың 19 қарашасынан бастап біздің кәсіпорынмен 840 мың текше метр қар шығарылды. Тәулігіне шығарылған қар көлемі 13-14 мың текше метрді құрайды, – дейді Қуат Ерсайынов.
Сонымен қатар, ЖЭК басшысы қала бойынша ұзындығы 92 км құрайтын арықтардың 70 пайызы қардан тазартылғанын айтты.
«Жайық Таза қала» ЖШС директоры қарды жинауда қиындықтар кейде жолдың жиегінде орналасқан тар жолдар мен көліктерге байланысты туындайды.

Маргарита ЗЯБЧУК
Фото: Ерсін МЕРХАНОВ