БҚО-да Аралтал ауылының тұрғындарын еріген қар суы басуда (БЕЙНЕ)

Аралтал Ақсай қаласынан үш шақырым жерде орналасқан, онда 2017 жылы Березовка ауылының адамдары қоныс аударды. Тұрғындар үйі тұрған көшелерден қар шығарылмайды. Еріген су аулаларға ағып, үйлердің іргетасын басып, су құятын шұңқырларды толтыруда. Мұндай жағдайға Аралтал тұрғындары өте алаңдаулы.

Су жолдан ағады, себебі жолдың екі жағы тау болып үйілген қар. Ал күн жылынған кезде қар тез еріп, су бізге көрші екеуміздің ауламызға ағып кірді, — дейді Аралтал кентінің тұрғыны Татьяна Чукарина.

Татьяна Чукаринаның айтуынша, кентте әкімнің тұрғындармен кездесуі болды. Осы кездесуде аудан әкімі көшелерден барлық қарды шығаруға уәде берді. Қар тек бір рет шығарылды, содан кейін күшті борандар болды, содан соң ешкім ештеңе шығарған жоқ.

— Екі апта бойы әкімдікке хабарласудамын. Онда тек қарды шығарамыз деп уәде береді де қояды, ары қарай ештеңе жоқ. Бұрынғы березовлықтар тұратын көшедегі үйлердің барлық аулаларында бір-ақ мәселе-еріген қар суы. Ол тек аулаларды ғана емес, су құятын шұңқырларды да толтыруда.

— Мен су сору көлігін жиі шақыра алмаймын, біз үшін атаңмен бұл қымбат. Ал , су құятын шұңқырлар тез толады, бұл күн әлі дұрыс жылынбаған кезде. Содан кейін не болады? —деп налиды кент тұрғыны зейнеткер Анна Фонякова.

Анна Фонякованың айтуынша, олар күйеуімен бірге зейнет жасында, қарды жинау, одан соң шығару екеуіне өте қиын.

— Менің үйімнің жанында да осындай су. Су құятын шұңқырлар тез толып кетуде, су сору көлігін жалдаудан шаршадық дейді ауыл тұрғыны Светлана Колесникова.

Кент тұрғындары БАҚ-қа көмек пен қолдау сұрап, жағдайдың түзелетініне үміт білдірді.

— Сондай — ақ біз БҚО әкімі Алтай Көлгіновқа, бізге назар аударып, жағдайды шешуге көмектесуіңізді сұраймыз, — деді Татьяна Чукарина.

Естеріңізге сала кетейік, өткен жылы Аралталдың тұрғындары «Орал апталығы» редакциясына осындай мәселемен жүгінген болатын.

Мария Драчева

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2026-08-18
Утром17.12 ℃
Днем31.56 ℃
Вечером29.34 ℃
Ночью22.99 ℃
Влажность28 %
ДавлениеhPa 1009
Скорость ветра7.85 м/с
2026-08-19
Утром16.86 ℃
Днем32.02 ℃
Вечером33.07 ℃
Ночью23.52 ℃
Влажность25 %
ДавлениеhPa 1011
Скорость ветра4.99 м/с