Киік қорғаушының өлімі: Тергеу кінәлілерді жауапкершіліктен алып кетуге тырысуда —қаза тапқан отбасының өкілі
Браконьерлердің қолынан қаза тапқан аңшы инспекторы Ерлан Нұрғалиевтың отбасы өкілі ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевқа тергеушілер үстінен шағымданды, деп хабарлайды matritca.kz Sputnik Қазақстанға сілтеме жасай отырып.

Жәбірленуші тараптың өкілі Ғалымжан Таукеловтың айтуынша, осы резонансты іс бойынша тергеу жүргізетін Қарағанды облысы полиция департаментінің қызметкерлері тек браконьерлікпен айыпталған төрт күдікті Ерлан Нұрғалиевті өлтіруге қатысы бар және қылмысқа қатысушы болып табылатындығы туралы дәлелдерін ескермейді.
– Біз тергеу ісіне сенімсіздік білдіреміз, – деді Ғалымжан Таукелов ІІМ басшысының халықпен кездесуінде.
Министр Ерлан Тұрғымбаевтың қолда бар тергеу мәліметтерінің берілгендігі туралы сұрағына Тәукелов оң жауап берді. Оның айтуынша, наурыз айының басында ол Қарағанды облысы прокурорының орынбасарының қабылдауында болған.
– Бұл жолы (браконьерлер) екі көлікпен шыққан. Бір машина базаны дайындау үшін, азық-түлік тасымалдаған. Бұл адамдар өзара сөз байласуда болған. Екінші машина бірінші машинаны бүркемелеп, аңшылық инспекторлардың жолын тосу керек болған, бұл алғаш рет қолданылған тактика емес, — деп атап өтті Ғалымжан Таукелов.
Жәбірленушілердің өкілі, браконьерлер әрекет еткен схеманы да ашып берді.
Оның айтуынша, ақбөкендерді ату бір автокөліктен жүріп, жануарлардың денесі GPS арқылы анықталған. Содан кейін екінші және үшінші топтар өтіп, олардың біреуі мүйізді кесіп, екіншісі денелерін жинаған. Егер қарулары бар автокөліктер аңшылық инспекторлар қолына түссе, олардың жүргізушілері мен жолаушылары атып кеткен жануарларды кездейсоқ кездестіріп, оларды жоғалмауы үшін салып алғандарын айту керек болған. Инспекторлар браконьерлік фактісін қару болмаған жағдайда дәлелдей алмайды.
Сондай-ақ Ғалымжан Таукелов іс бойынша өтіп жатқан барлық күдіктілердің браконьерлікпен алғаш рет айналыспайтынын айтады.
– Менің ойымша, бұл адамдар табиғи байлығымыз контрабандасымен айналысатын қылмыстық синдикатқа кіреді. Бұл тек ақбөкендер ғана емес — жыртқыш құстар, маралдар, архарлар, барстар және басқалары. Біздің қарапайым есептеуіміз бойынша, жыл сайын бұл оларға 1,5 миллиард доллар әкеледі. Мен осы мәселе бойынша Ұлттық қауіпсіздік комитетіне жаздым, олар әзірге ешқандай жауап бермеді, — деп атап өтті ол министрмен әңгімелесу кезінде.
Қарағанды облысының полиция департаменті бастығының міндетін атқарушы Ерлан Файзуллин зардап шеккен тараптың өкілі ұсынған барлық дәлелдер тексерілгенін немесе тексеру сатысында екенін мәлімдеді.
– Бүгінгі таңда бірқатар сараптамалар тағайындалды, нәтижесін күтудеміз. Олардың үшеуі (оқиғаға қатысушылар) адам өлтіру және қарақшылық шабуыл жасады деген күдік бойынша (тергеу изоляторына) қамауға алынды, ал төртеуі міндетті келу міндеттемесін алған. Оларға қатысты браконьерлік бойынша қылмыстық іс тергелуде, — деп атап өтті ол.
Зардап шеккен тарап ІІМ басшысына қарағандылық полицейлерден істі тергеу жұмыстарын орталық аппараттың тергеушілеріне беруді сұрады. Алайда министр бұл мүмкін емес деп жауап берді.
–Орталық аппаратта барлық Қазақстан бойынша 17 тергеуші бар. Мен орталық аппараттың тергеу департаментінен екі адам жіберем. Олар бәрін тексереді, – деп сендірді Е. Тұрғымбаев.
Естеріңізге сала кетейік, 13 қаңтарда браконьерлер Қарағанды облысы Нұра ауданының аумағында «Охотзоопром» екі инспекторынан оқ атқан болатын. Нәтижесінде қорықшылардың бірі Ерлан Нұрғалиев жарақат алып, ауруханада көз жұмды. Нұрсұлтан Назарбаев «Охотзоопром» ӨБ «РМҚК инспекторларын ІІІ дәрежелі «Барыс» орденімен марапаттау туралы » жарлық шығарды.
matritca.kz