Тоқаев Астананы Нұрсұлтан деп өзгертуді ұсынды
Ол солай тұңғыш Президенттің атын мәңгі есте қалдырғысы келеді

Қасым-Жомарт Тоқаев сәрсенбі күні Парламент палаталарының бірлескен отырысында Астананы Нұрсұлтан деп атау туралы ұсыныс жасады.
Ол солай тұңғыш президенттің атын мәңгі есте қалдырғысы келеді.
«Біздің ұлы замандасымыз, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың есімін келесі түрде мәңгі есте қалдыру қажет деп санаймын. Біздің елордамыз Президентіміздің атын алып, Нұрсұлтан деп аталуы керек. Мұндай ұсынысты парламент депутаттары, 2016 жылғы 23 қарашада ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай қабылданған декларацияда айтылған еді»,-деді Тоқаев.
Сондай-ақ Тоқаев елордада Тұңғыш Президент құрметіне монумент орнатуды ұсынды
«Барлық облыстық қалалардың орталық көшелерін Нұрсұлтан Назарбаевтың есімімен атау керек. Менің ойымша, Елбасы мемлекетіміздің жоғары мәртебелеріне лайықты деп ойлаймын», — деді Тоқаев.
Сонымен қатар, Тоқаев: Елбасына құрметті сенатор мәртебесін беруді, Тұңғыш Президент бейнеленген барлық портреттер мен фотоларды кабинеттердің, ғимараттардың, оқу орындарының міндетті атрибуты ретінде қалдыруды, ал Елбасының барлық өмірлік қызметі, ҚР заңнамасына сәйкес қамтамасыз етілетін болады.
«Елбасы үшін барлық қызметтік инфрақұрылым сақталады. Нұрсұлтан Назарбаев біздің елімізде жалғыз және мәңгілік Елбасы – халықтың әкесі болып қала береді. Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қауіпсіздік Кеңесінің Төрағасы, сондай — ақ «Нұр Отан» партиясының төрағасы, ҚХА төрағасы, КС мүшесі болып табылады.»,- деді Тоқаев.
«Еліміздің елордасында ҚР Тұңғыш Президентінің құрметіне монумент орнатуды ұсынамын», — деп жалғастырды ол.
Сондай-ақ, ол «барлық облыстық қалалардың орталық көшелерін Назарбаевтың есімімен атау» қажет деп санайтынын айтты.
vlast.kz