«Өзге нысандар мен көшелер анықталсын»: Комиссия бірқатар облыстарды қайта атау бойынша ұсыныстар шығарды
Республикалық ономастикалық комиссия Атырау, Ақтөбе, Қостанай, Жамбыл облыстарының әкімшілік орталықтарында қайта атау үшін ұсынылған көшені қайта қарауды ұсынды, деп хабарлайды. zakon.kz.

Атап айтқанда, комиссия ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Н. Назарбаевтың құрметіне бірқатар облыс орталықтарының көшелерін қайта атау туралы шешімдер қабылдады.
Сонымен қатар, Республикалық ономастикалық комиссия Атырау, Ақтөбе, Қостанай, Жамбыл облыстарының әкімшілік орталықтарында өзге де нысандар мен көшелерді айқындай отырып, көшені қайта қарауды ұсынды.
20 наурызда ант беру рәсімі барысында ҚР Президенті Қ. Тоқаев Нұрсұлтан Назарбаевтың атын Қазақстанның ірі қалаларының орталық көшелерін қайта атау арқылы тәуелсіз Қазақстанның ұлы замандасы мен негізін қалаушы ретінде мәңгі есте сақтауды ұсынды.