Қазақстанда әскери тікұшақ апатқа ұшырады
12 адам МИ-8 әскери тікұшағының апатқа ұшырауынан қаза тапты. Қайғылы оқиға Қызылорда облысында сағат 19:20-да орын алды.

Алдын ала мәлімет бойынша тікұшақ Ақтаудан Шымкентке 4 тікұшақтан тұратын топ құрамында жүріп, оқу-жаттығуларға қатысқан.
Апатқа ұшыраған тікұшақта экипаждың үш мүшесі және тоғыз жолаушы болған. Олардың барлығы қаза болды.
