БҚО өзендерінде су тасқыны қауіпті деңгейден төмен

Казталов, Теректі және Бөрлі аудандарында – орташа су басу қауіптілік деңгейі. Шыңғырлау және Жәнібекте-төмен. Ақжайық, Қаратөбе, Сырым және Жаңақала аудандарында су басу қаупі жойылды, — деп хабарлады ТЖ Департаменті.

Рауль Упоровтің фотосы

БҚО ТЖД бастығы Жасұлан Жұмашевтің айтуынша, олар Саратов және Орынбор облыстарының әріптестерімен жедел және болжамды ақпаратпен үнемі алмасып отырады.

– Өзендердің мұздан ашылуы сәуірдің 4-і мен 10-ы аралығында күтілуде. Көктем суының ең жоғарғы деңгейі нормадан артық, бірақ қауіпті белгіден төмен. Биыл бір жарым миллион текше метр қар шығарылды. Өзендерде су деңгейінің көтерілуін күтеміз. Гидротехникалық құрылыстардың толымдылығы қазір 42% — ды құрайды, – деп атап өтті ТЖД басшысы.

Жұмашевтың айтуынша, облыс бюджетінен аэровизуалды зерттеу үшін 14,6 млн теңге, ғарыштық мониторинг алу үшін 6,5 млн теңге бөлінді.

– Сәуірдің 1-нен 7-не дейін жауын-шашын жауады. Ескерту мақсатындағы жұмыс жалғасуда, — деп толықтырды облыс әкімінің орынбасары Бағдат АЗБАЕВ.

Қала әкімі Мұрат Мұқаевтың айтуынша, қаланың барлық техникасы қар шығаруға жұмылдырылған. 35 ерекше су басатын ауданнан қар шығарылды.

– Егер өзендерде су көтерілсе, бізде 28 эвакуациялық пункт дайындалды, барлық жеткізушілермен келісім-шарттар жасалды. Қазір қалада еріген суды сору жұмыстары жүріп жатыр, қазірдің өзінде 40 мың текше метр шығарылды. 165 бау-бақша қоғамының тұрғындары да ескертілді.

Төрт ай бойы коммуналдық қызметтер тәулік бойы жұмыс жасады. Бүгінде Деркөл және Шаған өзендері бойынша 28 мыңнан астам шұңқыр қазылып, 215,2 мың шаршы метр мұз ойылды.

Қыс кезінде 26 тұрғын үй және әлеуметтік нысандардың шатыры қардан опырылды. Қала бойынша 200 ескі үй бар. Олардың шатыры шифермен жабылған, оларға 50-60 жыл, сондықтан да, қардың ауырлығына төтеп бере алмайды. Барлық әлеуметтік нысандар қалпына келтірілді, көпқабатты үйлердің тұрғындарымен «ТКШ жаңғырту»мемлекеттік бағдарламасына қатысу үшін келіссөздер жүргізілуде. Тұрғындардың бір бөлігі келісті, – деді Мұрат Мұқаев.

Мария Драчева

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2025-06-19
Утром15.11 ℃
Днем23.72 ℃
Вечером21.67 ℃
Ночью18.01 ℃
Влажность36 %
ДавлениеhPa 997
Скорость ветра5.35 м/с
2025-06-20
Утром14.24 ℃
Днем19.93 ℃
Вечером21.98 ℃
Ночью15.74 ℃
Влажность61 %
ДавлениеhPa 998
Скорость ветра9.94 м/с