Оралда алты интернет-казино жұмысына тыйым салынды

Заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыруға кінәлі 5 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылды.

Иллюстрациялық фото

Электрондық және интернет-казино қызметіне заңнамалық тыйым салынғанына қарамастан, Қазақстан аумағында 6 интернет-казино жұмысын жалғастырды. Сайттарда онлайн-режимде құмар ойындар өткізілді. Орал прокуратурасы осы (777-azino.ru, 777faraon.org, casinoroom.com, elfarts.com, va-bank7.com және vulkanroyal.net) казино жұмысын тоқтатуға қол жеткізді.

— ҚР ҚК 307 бабы бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылған бес адамның (заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыру) мемлекет кірісіне 44 компьютер және 800 мың теңгеден астам қаражат тәркіленген. Казино ойнауға интернеттің кең желісінде қол жетімді. Мысалы, vulkanroyal.net сайтында 30-дан астам ойын ойнауға болады (рулетка, покер, автоматтар, слоттар және т.б.), оларға ставкалар жасап, Qiwi, Webmoney, Visa, Mastercard, Maestro, ATF24 және кассалар 24 арқылы ұтыстар алуға болады. Қала прокуратурасы сотқа vulkanroyal.net сайтын заңсыз деп тану туралы талап арыз берді осы жылдың 12 ақпанында қанағаттандырылды. 26 наурызда Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі сайты бұғатталған. Осыған ұқсас тәсілмен қалған барлық онлайн-мекемелер жабылды, — деп хабарлайды қала прокуратурасының баспасөз қызметі.

Өткен жылы облыс прокуратурасы мен Орал және Ақсай қалаларында мемлекеттік кірістер органдарының бірлескен күшімен 9 ойын мекемесінің заңсыз қызметінің жолын кесті.

Мария Драчева

x
2020-09-23
Утром10.41 ℃
Днем20.14 ℃
Вечером16.74 ℃
Ночью14.5 ℃
Влажность48 %
ДавлениеhPa 1014
Скорость ветра7.51 м/с
2020-09-24
Утром9.44 ℃
Днем17.18 ℃
Вечером14.1 ℃
Ночью12.72 ℃
Влажность34 %
ДавлениеhPa 1024
Скорость ветра3.54 м/с