БҚО-да фермер балаларды емдеуге миллион теңге бөлді

— Үшінші рет бұл адам біздің қорға осындай соманы әкелуде, – деп хабарлады «Жұлдыз» қайырымдылық қорының менеджері Данара ИДРИСОВА. — Ол өз ауданында жақсы танымал-үлкен аграрлық шаруашылықты басқарады. Ол өз тегін көрсетпеуді сұрады. Оның айтуынша, науқас балаларға ол атақ – даңқ үшін көмектеспейді. Бірақ басқа бизнесмендер оның үлгісін ұстанғанын қалаймын,-дейді және өз ұстанымын ерекше атап өтуді өтінді.

Фермердің қайырмалдығы үш жасар Айзере Қайыржанды емдеуге бағытталатын болады, оның диагнозы өте ауыр – «капиллярлы марформация, Штурге-Вебер синдромы». Баланың беті мен барлық денесіне көк-қызыл ісік пайда болған. Баланың миында осындай ісік, ол біртіндеп ми тамырларын бұзуда. Қызда жиі тырысулар бар, оның денесі біркелкі дамымайды – бір жағы айтарлықтай кішкентай және әлсіз.

Қазақстанда бірде-бір медициналық мекеме осы ауруды емдей алмайды. Қыз баланың ата-анасы «Доктор Матара»клиникасынан Астанаға келген профессор Романовтан кеңес алды. Бұл клиника гемангиом және тамырлы бұзылыстарды емдеуге маманданған.

Айзеренің ата-анасына Мәскеуге осы клиникаға барудан басқа жол жоқ. Бір емдеу курсы шамамен 600-700 мың теңге, ал мұндай курстарды балаға бірнеше рет алу керек.

«Біз қызды қордың қамқорлығына алдық, өйткені бұл отбасы қиын материалдық жағдайда», — деп түсіндірді Данара Идрисова.

– Олардың жеке баспанасы жоқ, отбасын асыраушы – әкесі, ол құрылыс компаниясында әр түрлі жұмысшы болып жұмыс істейді. Айзерден басқа, оларда тағы бір бала бар.

Қор менеджерінің айтуынша, бұл кәсіпкерлердің тұрақты негізде қордың қайырымдылығына айналған алғашқы жағдайы емес. Тағы бірнеше кәсіпкер бір жыл бойы қормен осындай ұзақ мерзімді серіктестік қарым-қатынаста. Кейбірі тоқсан сайын елеулі сомамен қайырмалдық жасайды, біреулері ай сайын өз бизнесінен түскен пайданың белгілі бір пайызын аударады.

— Мұндай шешімдерді, әдетте, олар қордың ашықтығы мен жауапкершілігіне және олардың қайырымдылықты пайдалану тиімділігіне көз жеткізіп, қабылдайды, — дейді Данара Ыдырысова.

Қазір «Жұлдыз» қорының қамқорлығында 10 бала бар. Қаратөбе қаласынан келген 15 жасар Жұлдыз Серікова сегіз ай бойы Үндістанда Ченнай қаласындағы клиникада жүректі ауыстырып салу операциясын күтуде. Қор осы уақыт ішінде қыз бала мен оның әкесінің тұруына бір миллион теңге аударды.

5 жасар Абдуллах Байғазиев тамақ ішіндегі ауыр папилломатозбен ауырады. Қазір қор мен ата-анасы балаға операция жасайтын клиника іздеуде. Егер қазақстандық дәрігерлердің балаға көмек көрсете алмаса, оны Оңтүстік Кореядағы клиникаға апару керек, онда операциялар нәтижелі, бірақ қымбат – шамамен үш мың доллар талап етіледі.

Менингитпен ауырып қалғаннан кейін дамуы кешіккен екі жастағы Исмаил Абзалды Самара қаласындағы оңалту орталығына апару керек. Емдеу курсына 400 мың теңге қажет.

Санкт-Петербургте жүрегіне күрделі операция жасаған 6 жасар Лиза Пастухова біздің қамқорлығымызда, енді оған құны 100 мың Ресей рублі тұратын оңалту емі қажет. Ал 11 жасар Саша Ялфимова БЦП (балалардың церебральды параличі) салдарынан барлық денесі қатты спастикалық құрысумен қатқан, ал қыз жүруді армандайды. Оған емдеу курсы 300 мың теңге тұратын, Қызылордадағы оңалту орталығына бару керек.

— Көп жағдайда тек баланың жәрдемақысына қарап, әрең күнелтіп отырған жалғыз басты ана. Немесе тұрғын үйсіз және бір асыраушысы бар отбасы, оның жалақысы тек қана пәтерді жалға алуға және аз-маз тамақ алуға жетеді. Қор көмегінсіз олар науқас балаға ешқандай ем көрсете алмайды, — деп түсіндіреді Данара Ыдырысова.

ЕГЕР СІЗ НАУҚАС БАЛАЛАРҒА КӨМЕКТЕСГІҢІЗ КЕЛСЕ:

Сіз «Жұлдыз» қорының сайтында өз қайырымдылығыңызды көрсете аласыз zhuldyzfond.kz онлайн төлемдер жүйесі жұмыс істейді.

Қайырмалдықтар кез келген төлем карточкаларынан қабылданады.

Сондай-ақ, қайырымдылықты:

– КАССА терминалы арқылы-24, QIWI 8 777 761 02 61,

— «Халық» банктің операторлары,

– қаланың супермаркеттері мен дүкендерінде қайырымдылық жинау үшін боксқа салу арқылы жіберуге болады.

Заңды тұлғалар қордың есеп шотына ақша аудара алады:

Р/с: KZ4284914KZ005764048, КОД 18

Нұрбанк АҚ. Орал қ. филиалы.

БИК: NURSKZKX БСН 091240007538

Қаражатты қордың офисіне әкелуге болады мекен-жайымыз: Орал қ, Кердері көшесі 138 үй, 45 кеңсе

Тел / факс: 54-40-65

Қор директоры: Тамара Еслямова 8-701-381-14-55)

Менеджер: Данара Идрисова (тел. 8 (7262) 45-47-51 8-702-723-45-11)

Орал қ, Кердері,138 үй, 45 кеңсе

zhuldyzfond.kz

x
2019-10-16
Утром0 ℃
Днем0 ℃
Вечером0 ℃
Ночью-0.03 ℃
Влажность70 %
ДавлениеhPa 1030
Скорость ветра2.523 м/с
2019-10-17
Утром0.59 ℃
Днем10.15 ℃
Вечером8.19 ℃
Ночью6.38 ℃
Влажность45 %
ДавлениеhPa 1031
Скорость ветра3.572 м/с