Грузияда бір реттік полиэтилен пакетіне тыйым салынды

Грузияда 2019 жылдың 1 сәуірінен бастап полимерден жасалған кез келген қалыңдықтағы бір реттік полиэтилен пакеттерге, атап айтқанда, оларды өндіруге, импорттауға және сатуға ресми тыйым салынған.

Пакеттерге тыйым салу туралы заң 2018 жылдың қазан айында қабылданды. Салынған тыйымды бұзған кәсіпкерлер 500 лари ($180), көлемінде айыппұл төлеп, тауары тәркіленіп , ал қайталап бұзған жағдайда айыппұл екі есеге өседі.

Грузияда рұқсат етілген пакеттердің жалғыз түрі жүгері мен бидай талшықтарынан жасалған биоыдырайтын пакеттер. Мұндай бұйымның толық ыдырау кезеңі-үш айдан екі жылға дейін. Сондай-ақ, қағаз пакеттері рұқсат етілген: олар қоршаған ортаға зиян келтірмейді.

Экологтар заңды қабылдау кезінде грузиндік биліктің «пакеткеқарсы» шарасы созылып кетті деп мәлімдеген. Грузин қалаларының көшелеріне соңғы жылдары түрлі-түсті полиэтилен мен басқа да пластик қоқыстар көптеп шығарылды, тек елдегі жағдай пластикалық қалдықтарды жинайтын және өңдейтін бірнеше кәсіпорындардың пайда болуымен ғана жақсарды.

x
2019-10-23
Утром7.83 ℃
Днем13.81 ℃
Вечером11.13 ℃
Ночью11.5 ℃
Влажность67 %
ДавлениеhPa 1021
Скорость ветра2.13 м/с
2019-10-24
Утром11.4 ℃
Днем16.43 ℃
Вечером13.24 ℃
Ночью12.53 ℃
Влажность66 %
ДавлениеhPa 1020
Скорость ветра3.34 м/с