Оралда полиция заңды түсіндіру үшін азаматтарды ұстауда(БЕЙНЕ)

Оралда бұрын наразылық акциясына қатысқан азаматтарды ұстап, полицияға мәжбүрлеп әкеле бастады. Барлық ұсталғандарды прокурорлар заңды түсіндіргеннен кейін полициядан босатқан. Құқық қорғаушы бұл анық және ашық заңсыздық деп атайды.

Оралда наразылық білдірушіні ұстау уақыты 22 наурыз 2019 жыл

Бүгін, 1 сәуір күні, полиция қызметкерлері бұрын наразылық акцияларға қатысқан азаматтарды ұстап, полиция департаментіне мәжбүрлеп жеткізе бастады.

Бірінші болып ұсталғаны туралы «Орал апталығы» редакциясына хабар берген, 22 наурыз күні көшеде Қазақстанның кішкентай жалаушасымен жүргені үшін көшеде ұсталған

Орал қаласының тұрғыны Әлия Әбілхаирова.

– Маған таңертең учаскелік инспектормін деп таныстырған полиция қызметкері қоңырау шалды. Ол маған полицияға баруды талап еттті. Мен шақырту қағазынсыз келмеймін дедім. Осыдан кейін маған екі полиция қызметкері жұмысқа келді. Олар маған сағат 15.00-де полицияға шақыру қағазын берді, бірақ сағат 12. болғанына қарамастан, олар мені машинаға мәжбүрлеп отырғызып, полиция департаментіне жеткізді. Онда штаттағы үш адам прокуратура қызметкерлеріміз деп таныстырылып, маған ҚДТ-ның қозғалысы туралы қайдан білетінім туралы және тағы сол сияқты сұрақтар қоя бастады. Мен оларға осы саяси қозғалыс туралы 22 наурызда мені көшеде ұстап, учаскеге жеткізген полиция қызметкерлерінен білгенімді айттым. Осыдан кейін олар маған ҚДТ қозғалысын сот экстремистік ұйым ретінде ресми танығанын және оны қолдауға болмайтынын хабарлады. Олар біздің әңгімеімізді камераға түсірді, — деді Әлия Әбілхаирова.

Кейінірек, шамамен түстен кейін Facebook әлеуметтік желісінде бұрын Оралдағы наразылық акцияларын әлеуметтік желілерде жариялағаны үшін полициямен қудаланып жүрген, Оралдың бейнеблогері Аслан Сагаудиновтің хабарламасы пайда болды.

— Мені учаскелік полиция қызметкерінің автокөлігімен үйден алып кетті. Полиция департаментіне мәжбүрлеп жеткізіп, онда штаттағы үш жас жігіт маған заңды түсіндіре бастады (олардың айтуынша), ҚДТ қозғалысына Қазақстанда соттың тыйым салғанын, бұл экстремистік ұйым және т.б. екенін айтты. Осыдан кейін мені үйге жіберді, – деді Аслан Сағаутдинов.

Оралдың тағы бір тұрғыны Медет Бармаковты полицейлер үйден алып кеткен. Ол өзінің ұстауын телефонның бейнекамерасына түсірді. Оның айтуынша, онымен штаттағы адамдар әңгімелесіп,олар оны Қазақстанда тыйым салынған ұйымдарды қолдау үшін қылмыстық жауапкершілік туралы ескерткен.

https://youtu.be/ypjuUqYoIC4

Адам құқықтары жөніндегі халықаралық бюроның облыстық филиалының басшысы Павел Кочетков полицейлердің бұл әрекеттерін заң нормаларын өрескел бұзу деп бағалады.

– Полиция ешкімді ұстап алған жоқ, тек қана полицияға жеткізді деп сендіреді. Бірақ «мәжбүрлі жеткізу» ұғымы заңда бар және ол нақты жазылған. Мәжбүрлеп жеткізу үшін соттың ұйғарымы болуға тиіс. Яғни, бүгінгі күні жеткізілген әрбір адам бойынша сот ұйғарымы болуы тиіс. Ұсталғандардың ешқайсысы оны көрсетпеді. Бұл дегеніміз, полиция қызметкерлері өздерінің лауазымдық өкілеттіліктерінен айқын асып түсті. Бүгін және 22 наурызда Оралда болған ұсталу құқықтық заңсыздық. Мен полиция себебін түсіндірмей, ұсталғандарды, біздің бюроға келуді, маған жеке хабарласуларын сұраймын. Мұны назарсыз қалдыруға болмайды. Мен бас прокуратураға және халықаралық ұйымдарға Оралдағы адамдарды негізсіз ұстаудың барлық фактілері туралы шағым дайындауға ниеттім деді,- Павел Кочетков Оралдағы азаматтардың бүгінгі ұсталуына түсініктеме бере келе.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін әлеуметтік желілерде Қазақстанда тыйым салынған «ҚДТ» ұйымының көшбасшысы Мұхтар Әблязов 2 сәуір күні қазақстандықтардың көк түсті киімде көшелерге шығып, Қазақстанда адам құқықтарын қорғауға және саяси құқықтар мен бостандықтарды қолдауға наразылық ретінде шығуға шақырды. Және бүгінгі азаматтық белсенділерге қысым, ең алдымен, билік осылайша азаматтардың наразылық акцияларға қатысуына жол бермеуге тырысуы.

2017 жылы «Қазақстанның демократиялық таңдауы» саяси қозғалысы Астана қаласы сотының шешімімен экстремистік ұйым ретінде танылды.

22 наурызда Қазақстанның әр түрлі қалаларында азаматтардың наразылық акциялары өтіп, ел астанасын Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың есімімен қайта атау туралы наразылықтарын білдірді.

x
2019-10-20
Утром7 ℃
Днем7 ℃
Вечером7 ℃
Ночью6.56 ℃
Влажность67 %
ДавлениеhPa 1030.56
Скорость ветра3.32 м/с
2019-10-21
Утром4.66 ℃
Днем11.06 ℃
Вечером8.01 ℃
Ночью6.62 ℃
Влажность49 %
ДавлениеhPa 1030.42
Скорость ветра4.31 м/с