БҚО-да дәнді дақылдар алқабы 25 мың гектарға ұлғаяды

Биыл майлы, көкөніс-бақша дақылдарын, сондай-ақ картоп алқаптарын ұлғайту жоспарлануда, себебі олар нарықта үлкен сұранысқа ие.

Иллюстрациялық фото

— Биылғы жылы 542 мың гектар жерге ауыл шаруашылығы дақылдарын егу жоспарланып отыр. Бұл өткен жылдың деңгейінен 25 мың гектарға артық. Өткен жылы бұл сан 277,0 мың га құрады,оның ішінде 76,6 мың га күздік дәнді дақылдар өткен жылдың күзінде егілді. Тиісінше жаздық дәнді дақылдарды 188,4 мың гектар алқапта егу жоспарлануда, — деп хабарлады ауыл шаруашылығы басқармасының бөлім бастығы Денис Омашев.

Денис Омашевтің айтуынша, жазғы бидаймен 83,4 мың га, арпа – 85,0 мың га, тары — 4,4 мың га және өзге де дәнді дақылдармен 5,6 мың га егіледі.

– 65 мың га майлы дақылдар, 10 мың га алқап картоп және көкөніс — бақша дақылдары егіледі. Мал шаруашылығын азықпен қамтамасыз ету үшін мал азығы дақылдары алқаптарын 200,2 мың га дейін жеткізу жоспарланған, – деді Денис Омашев.

Оның айтуынша, күнбағыс алқабын 51,0 мың га дейін ұлғайту жоспарлануда.

– Картоп пен көкөніс-бақша дақылдары бойынша егу алқабы 10 000 га, бұл өткен жылмен салыстырғанда 368 га артық. Картоп алаңы 4 300 га, көкөніс дақылдары — 3 800 га, бақша дақылдары — 1 900 га, — деді ауыл шаруашылығы басқармасының бөлім бастығы.

Биылғы жылы, оның айтуынша, мал азығы дақылдарының егістік алқабы

202,5 мың га.Бұл өткен жылмен салыстырғанда 26,8 га артық.

— 4 мыңнан астам трактор, 4100 дәнді дақылдар. 830 культиватор мен 47 егіс кешені дала жұмыстары кезінде іске қосылады, — деді Денис Омашев.

Сондай-ақ, ол дала жұмыстарына 12 мың тонна дизель отыны бөлінгенін айтты.

— 6 мың тонна дизель отынын «Конденсат» АҚ береді және көлемінің екінші жартысын Атырау мұнай өңдеу зауыты бөледі. Дизель отынын жеткізу операторы болып «Батыс арна»ЖШС белгіленді. Дизель отынының 1 литріне босату бағасы 165 теңгені құрайды,- деді Денис Омашев.

«Аграрлық несие корпорациясы» БҚО филиалының директоры Ерлан Нысанғалиевтің айтуынша, биылғы жылы көктемгі егіс жұмыстарына 46 шаруашылық өтінім берген. Өткен жылы 50 өтінім болды. Алайда оларды қаржыландыру 19 млн теңгеге артты.

-Биыл көктемгі дала жұмыстарына 876 млн теңге бөлінді. Қаржыландыруға Бәйтерек ауданы, Бөрлі, Теректі және Тасқала аудандарының кредиттік серіктестіктері қатысуда, — деді Ерлан Нысанғалиев.

Маргарита Зябчук

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам.
В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать – перейдите вот сюда

Можно поддержать нас и через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2021-01-12
Утром-22.33 ℃
Днем-20.04 ℃
Вечером-17.65 ℃
Ночью-17.45 ℃
Влажность87 %
ДавлениеhPa 1026
Скорость ветра1.65 м/с
2021-01-13
Утром-17.56 ℃
Днем-14.72 ℃
Вечером-14.39 ℃
Ночью-13.16 ℃
Влажность94 %
ДавлениеhPa 1031
Скорость ветра3.93 м/с