Оралда «Жолдағы қабылдау» акциясы өтеді
Полиция басшылығы арнайы автобуста кез келген жүргізуші келіп, өзіне керекті сұрақтарды қоя алатын » Жолдағы қабылдау » жүргізеді

Республикалық акция 2019 жылы 5 сәуірде сағат 10.00-де Достық үйінің алдында өтеді. Азаматтарға арнайы автобуста жергілікті полиция, әкімшілік полиция, көші-қон қызметінің бастықтары, сондай-ақ тіркеу-емтихан жұмыстары мен жол-техникалық инспекциясының басшылары кеңес береді.
— «Жолдағы қабылдау» жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету, көші-қон заңнамасын сақтау, соның ішінде автокөлікті тіркеу, жүргізуші куәліктерін, төлқұжаттар мен жеке куәліктер беру, жол қозғалысын ұйымдастыру, Көлік құралдарын қайта жабдықтау, сондай-ақ әкімшілік құқық бұзушылық үшін айыппұл төлеу бойынша мемлекеттік қызмет көрсету бөлігінде құқықтық түсіндіру жұмыстары үшін өтеді, – деді Орал қаласы ІІД КҚПБ аға инспекторы Динара Әбдіқаликова.
Оның айтуынша, іс-шара барысында қызметкерлер мемлекеттік қызметтерді алу кезінде кәсіпкерлер мен тұрғындар үшін шығындарды қысқарту бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы баяндайды. Сондай-ақ онлайн режимінде айыппұлды қарау және төлеу мүмкіндігі туралы.
— Сонымен қатар, халықтан қызметкерлердің заңсыз әрекеттеріне шағымдар жиі түседі. Осы жағдай бойынша кадр және тәрбие жұмысы қызметкерлері ІІО қызметкерлерінің заңсыз әрекеттеріне, шешімдеріне шағымдану, «сенім телефондарының» қызметі туралы түсінік береді», — деді Динара Абдукаликова.
Маргарита Зябчук