Мәскеуде Тоқаевты «лайықты» қарсы алды ма?

Әлеуметтік желінің жергілікті пайдаланушылары өздерінің алғашқы шетелдік сапарын Мәскеуден бастаған Тоқаевты «Ресейде тиісті деңгейде қарсы алды ма» деген пікірде. Сарапшылар «дипломатияда кездейсоқ ештеңе болмайды» деп санайды.

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Внуково-2 әуежайында. Мәскеу, 3 сәуір 2019 жыл.

Қазақстанның уақытша президенті Қасым-Жомарт Тоқаевты Внуково-2 әуежайында Ресейдің сыртқы істер министрінің орынбасары Александр Панкин мен министрліктің протокол департаментінің басшысы Игорь Богдашев қарсы алды. Бұл Нұрсұлтан Назарбаев билікте 30 жыл болған соң уақытша президент болып тағайындалған Тоқаевтың алғашқы шетелдік сапары.

3 сәуір күні Мәскеуде Ресей президенті Владимир Путинмен болған келіссөздердің нәтижелері бойынша баспасөзге арналған мәлімдеме аясында Қазақстанның уақытша президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Нұрсұлтан Назарбаевтың сәлемін жеткізіп, Ресей тарапына оның Ресейге сапарын «жылы қонақжайлықпен, қуанышпен жақсы ұйымдастырғаны үшін» алғысын білдірді.

3 сәуірде Кремльде Тоқаев пен Путин кездесулерінің қорытындысы бойынша, екі ел арасындағы қарым-қатынастарды одан әрі дамуына қатысты ортақ мәлімдеме жасады. Құжатта, атап айтқанда, Қазақстан мен Ресей «біздің одақтастық қарым-қатынастарымыздың, ең алдымен екінші дүниежүзілік соғыс тарихының маңызды негізі болып табылатын ортақ тарихымызды бұрмалауға, сынауға және «қаралауға» кез келген талпынысты қабылдамайды»делінген.

rus.azattyq.org

x
2020-09-23
Утром9 ℃
Днем18.33 ℃
Вечером16.68 ℃
Ночью14.5 ℃
Влажность54 %
ДавлениеhPa 1014
Скорость ветра7.51 м/с
2020-09-24
Утром9.44 ℃
Днем17.18 ℃
Вечером14.1 ℃
Ночью12.72 ℃
Влажность34 %
ДавлениеhPa 1024
Скорость ветра3.54 м/с