Орал қаласындағы мектеп-интернаттың балалары жаппай ауырып қалды

5 және 7 сыныптардың он бір оқушысы медициналық изоляторға орналастырылды.

М.Өтемісов атындағы облыстық санаториялық мектеп-интернаты

Оқиға М. Өтемісұлы атындағы облыстық санаториялық мектеп-интернатта орын алды. Мектеп директоры Майра Есенғазиева бірден бірнеше оқушы ауырып қалғанын растады.

— Кеше кешкі сағат 8-де бір оқушының жүрегі айнып, лоқсыды. Ол дәрігерге қаралғаннан кейін кезекпен қалған балалар да осындай жағдай туралы хабарлады. Барлық оқушыларға медициналық көмек көрсетіп, олардың нашар көңіл-күйінің себебін анықтау үшін изоляторға орналастырдық. Кештен бастап, түні бойы балалар дәрігерлердің үнемі бақылауында. Қазіргі уақытта олар өздерін жақсы сезінуде.

Майра Есенғазиева, мектеп-интернатының директоры

Майра Есенғазиеваның айтуынша, оқушылардың ата-аналарына балалардың жағдайы туралы хабарланған.

– Санитарлық-эпидемиологиялық станцияға таңертең қоңырау шалдық, комиссияны күтудеміз.

Дәрігер-педиатр Әлия МАХМЕТОВА ауру балалар жүректерінің айнитынына шағымданған.

Әлия Махметова, мектеп-интернатының дәрігер-педиатры

– Біз бірден асқазанды шаю жасадық. Түнде балалар бақылауда болды, температурасын өлшедік. Барлығы жақсы, температура-қалыпты. Мүмкін, балаларда вирустық инфекция болар. Хаттама бойынша, егер асқазанды шайғаннан кейін емделушіде құсу қайталанбаса және температура көтерілмесе, біз «жедел жәрдем»шақырмаймыз. Инфекционистті мектеп бекітілген №6 емханадан шақырдық,-деді мектеп-интернаттың дәрігер-педиатры Әлия Махметова.

Өзін атамауды сұраған дерек көзінің айтуынша, балалар әлі жүрек айнуын бастан кешіруде, кейбіреулерінде құсу жалғасуда. Оның айтуынша, оқушылар сапасыз тағамнан уланған сияқты. «Балалардың бәрі, асханадан жеген дәмі қышқыл котлеттен көреді».

Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі бұл оқиға туралы оларға белгісіз екенін хабарлады. «Медицина мекемелеріне улану белгілері бар балалар келіп түскен жоқ»,-деді баспасөз қызметі.

Мария ДРАЧЕВА

x
2020-09-20
Утром8.38 ℃
Днем14.19 ℃
Вечером10.43 ℃
Ночью8.04 ℃
Влажность50 %
ДавлениеhPa 1005
Скорость ветра8 м/с
2020-09-21
Утром5.66 ℃
Днем12.41 ℃
Вечером11.81 ℃
Ночью10.11 ℃
Влажность52 %
ДавлениеhPa 1017
Скорость ветра6.98 м/с